Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисін құру туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 72 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 66-тармағының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың жобалық басқарудың үлгілік регламентіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисі (бұдан әрі - Жобалық офис); 2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі Басқарушы комитеті; 3) «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының Басқарушы комитеті. 2. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық басқармасының ұйымдық құрылымы шеңберінде жобалық рөлдер; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі Басқарушы комитетінің құрамы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының Басқарушы комитетінің құрамы; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының Басқарушы комитеті туралы ереже; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Министрліктің жобалық басқармасының регламенті бекітілсін. 3. Базалық бағыттардың басшылары, Жобалық офистің басшысы тиісті базалық бағыттар мен жобалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|