|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №14, 105-құжат; №15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; №17, 139-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №13-14, 62-құжат; №15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №6, 49, 50-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 114-құжат; №15, 120-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 9, 11-құжаттар; №3, 27-құжат; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 64-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат): 1) 44-бапта: 5-1-тармақтағы «(немесе шағын ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарын алмастыратын өзге де жобалау құжаттамасына)» деген сөздер «(немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына)» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-3-тармақпен толықтырылсын: «5-3. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге тек электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі.»; 2) 44-1-бапта: 1-тармақтың 5) тармақшасындағы «және инженерлiк желiлерге косылуға қойылатын техникалық талаптарды» деген сөздер алып тасталсын; 4-тармақтың жетінші бөлігіндегі «мен инженерлiк желiлерге косылуға қойылатын техникалық талаптар» деген сөздер алып тасталсын; 8-тармақта: екінші бөліктегі «және инженерлiк желiлер мен құрылыстарға косылуға қойылатын техникалық талаптар» деген сөздер алып тасталсын; он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елдi мекеннiң бекітілген бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс жобалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады.»; 3) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес құрылыс салу мақсаты үшін бұрын жеке және заңды тұлғалар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақтарда үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) салу үшiн, егер олар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шеңберінде бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне меншік құқығын сатып алған жағдайда жеке және заңды тұлғаларға;»; 4) 49-1-баптың 6-тармағындағы «, ал қажет болған кезде инженерлiк желiлерге қосудың техникалық шарттары туралы» деген сөздер алып тасталсын; 5) 71-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бұл ретте құрылыс салу мақсаты үшін іздестіру жұмыстары мемлекеттік меншікке жататын жерлерде жобаланып отырған құрылыс объектісінің Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы жобаларына (бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларына) сәйкес келген жағдайда жер учаскесіне құқық берілмей жүргізіледі.». 2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №17, 141-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №19, 147-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №23, 114-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №2-3, 15-құжат; №15-16, 76-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №3, 27-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 79, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №2, 10-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 57-құжат): 125-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Келiсу тәртiбi Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес бекiтiлген, құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалады.». 3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., №18-І, 18-ІІ, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 317-1, 317-2 және 323-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау мен жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізу және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау) жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы 317-2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау»; «323-1-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын бұзу»; 2) 317-бапта: мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын: «3-1. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттар, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беруі - ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзiмге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) - »; 3-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді 3) мынадай мазмұндағы 317-1 және 317-2-баптармен толықтырылсын: «317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізу және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау) жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы 1. Құрамында аттестатталған сарапшылары бар заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалауды және жобаны басқаруды) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізуді және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асыруы, оның ішінде: 1) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі; 2) тұрғызылатын не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптаманың (сараптамалық бағаның) оң қорытындысын беру; 3) орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысындағы бұзушылық; 4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беру; 5) аккредиттелген заңды тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі - заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 317-2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау 1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау - заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 4) 322-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау - жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Ғимараттардың берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн дәл сол әрекеттер - жеке тұлғаларға - сексен, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5) мынадай мазмұндағы 323-1-баппен толықтырылсын: «323-1-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын бұзу 1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, құрылыс қызметін жүзеге асыруға, оның ішінде құрылыс сапасына әсер ететін, өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы - лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - лауазымды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3-тармақтың 6) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді 6) 684-баптың бірінші бөлігі «317 (төртінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 718-бапта: бірінші бөлігінде: «317 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың 7) тармақшасының төртінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді «318» деген санның алдынан «317-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 317-2 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын: «1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»; 3-тармақтың 8) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді 8) 804-баптың бірінші бөлігінде: 21) тармақша «317 (төртінші бөлiгi),» деген сөздерден кейін «317-1 (екінші бөлігі), «317-2 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын; 34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «34) заңнамаға сәйкес лицензиарлар немесе екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті болып табылатын органдар (312 (екiншi бөлiгi), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгi), 319, 392 (үшiншi бөлiгi), 462, 463, 464 (екiншi бөлiгi), 465, 467, 621 (үшiншi бөлiгi)-баптар;)». 4. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №3, 17-құжат; №9, 86-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 103-құжат; 2004 ж., №10, 56-құжат; №17, 97-құжат; №23, 142-құжат; №24, 144-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №13, 86, 87-құжаттар; №15, 92, 95-құжаттар; №16, 99-құжат; №18, 113-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 14-құжат; №10, 69-құжат; №12, 88-құжат; №17, 139-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 9-құжат; №24, 133-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 3, 7-құжаттар; №2, 28-құжат; №6, 49-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №2, 11-құжат; №3, 21-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 81-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №2, 10-құжат; №3, 21-құжат; №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №10, 52-құжат; №11, 67-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 118, 122-құжаттар; №22, 131-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат): 1) 6-баптың 1-тармағының 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгiлiк қағидалар негiзiнде әзiрленген жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту;»; 2) 27-бапта: 1-тармақтың 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлетi орган бекiтетiн үлгiлiк қағидалар негiзiнде әзiрленген жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзiрлейдi және мәслихатқа бекiтуге ұсынады;»; 1-3-тармақ алып тасталсын. 5. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №17-18, 243-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №6, 10-құжат; №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; №23, 144-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №15-16, 76-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №3, 21, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 4, 6-құжаттар; №2, 10, 12-құжаттар; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 86-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат): 1) бүкіл мәтін бойынша «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органды» деген сөздер тиісінше «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен», «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) агломерация - бір немесе бірнеше ірі қалалар - орталықтардың айналасына орналасқан, күнделікті еңбек, өндірістік, әлеуметтік-мәдени және өзге де байланыстары, сондай-ақ бір-бірімен аумақтық бірігу үрдістері бар урбандалған елді мекендердің жергілікті жүйесі;»; 4-1) тармақшаның үшінші абзацындағы «бұрыннан бар (пайдаланылатын)» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 16-3) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын: «16-3) жобаны басқару - салынған бюджет пен мерзімдер шеңберінде инвестициялық жобаның мақсаттарына жету үшін тапсырыс берушімен не инвестормен жасалған шарттарға сәйкес объектілерді жобалауды, құрылысын салуды және оларды пайдалануға беруді ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау жөніндегі қызмет;»; «18-2) инженер-техник жұмыскер - орташа кәсіптік немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;»; 32) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «технологиялық жабдықты жинауды және тұрақты пайдаланатын жерде жобалық жағдайға орнатуды, жеке сынауды және жүктемемен сынауды, сондай-ақ бөлшектеуді қоса алғанда, оны монтаждауды қамтиды;»; мынадай мазмұндағы 35-1), 35-2), 35-3) және 40-1) тармақшалармен толықтырылсын: «35-1) құрылыстағы баға белгілеу - құрылыс өнімінің құнын қалыптастыру тетігі; 35-2) Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылатын, сметалық-нормативтік базада олар бойынша нормалар жоқ, Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері енгізген жаңа тиімді құрылыс өндірісі технологияларының тізбесі; 35-3) құрылыстың сметалық құны - сомасы жобалау материалдары мен сметалық-нормативтік база негізінде айқындалатын, объектінің құрылысын жүзеге асыру үшін қажетті ақша;»; «40-1) Объектілерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бірыңғай мемлекеттік электрондық банкі - мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген, объектілердің құрылысын салуға арналған электрондық жеткізгіштердегі жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы;»; 44-2) тармақша алып тасталсын; 49) тармақшаның екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор) ұсынатын нобайларға (нобайлық жобаларға) сәйкес түсi жөнiндегi шешiм мен ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерiн әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдiк-кеңiстiктегi шешiм бойынша талаптар белгiлеуге жол берiледi;»; 50) тармақша «(техникалық және авторлық қадағалау» деген сөздерден кейін «, жобаны басқару» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 56-1), 56-2) және 61-1) тармақшалармен толықтырылсын: «56-1) сметалық нормалар - қабылданған құрылыс, монтаждау және басқа да жұмыстар өлшеміне белгіленген ресурстар (құрылыс жұмыскерлері еңбегінің, құрылыс машиналарының жұмыс уақытының жұмсалуы, материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға қажеттілік) жиынтығы; 56-2) сметалық-нормативтік база - материалдарға, бұйымдарға және жабдықтарға арналған сметалық нормалар мен сметалық бағалар жинағы;»; «61-1) үйлер мен ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау - сараптама жұмыстарының нәтижесінде үйлер мен ғимараттардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі, үйлер мен ғимараттардың сенімділігі және орнықтылығы, оларды кейіннен пайдалану мүмкіндігі, объектідегі күрделі жөндеу жұмыстарының құрамы мен көлемін, оларды жаңғырту және реконструкциялауды, сондай-ақ нысаналы мақсатындағы өзгерісті анықтау үшін уақытында болатын өзгерістерді ескере отырып, конструкциялар сапасының нақты көрсеткіштерінің сандық бағалауын алу айқындалатын сараптама жұмыстарының түрі;»; 3) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) агломерациялар аумақтары;»; 4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: «12-бап. Жер учаскелерiн пайдалану кезiнде қала құрылысы талаптарын қамтамасыз ету Меншiк иелерi не жер пайдаланушылар жер учаскелерiн құрылыс салу үшiн (коммуникацияларды жүргiзу, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануды тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлудi, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып жүзеге асыра алады.»; 5) 17-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «заң актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 19-бапта: мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |