| ||||||||||||||||||||
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 19 шілдедегі № 110-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемақысын және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»; 2) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемақысын және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;». 2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне: 161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы «төлемдерді,» деген сөзден кейін «, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін,» деген сөздермен толықтырылсын. 3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы «тұрғын үй төлемдеріне,» деген сөздерден кейін «табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтемақысын және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмекті есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздермен толықтырылсын. 4. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне: 1) 57-бапта: 1-тармақта: бірінші бөлікте: бірінші абзацтағы «қаржылық есептілікті жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздер алып тасталсын; 4) тармақшадағы «және бастапқы статистикалық деректерді бөлек-бөлек ұсынады» деген сөздер «бөлек-бөлек жасайды» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: «жасайды, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын; «қаржылық есептілікті және бастапқы статистикалық деректерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлек-бөлек ұсынады» деген сөздер «бөлек-бөлек жасайды» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.»; 4-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2) 63-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы тоғызыншы абзацтағы «шетелдік заңды тұлғаларда еңбек өтілі жоқ;» деген сөздер «шетелдік заңды тұлғаларда;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: «және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте немесе Қазақстанның Даму Банкінде немесе жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген лауазымдарда еңбек өтілі жоқ;»; 4-тармақтың үшінші бөлігіндегі «және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп: 1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының басшы қызметкері, екі және одан көп құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары; 2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы және оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары; 3) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мәселелерге және (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары; 4) құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы және оның орынбасары, сондай-ақ: осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы; қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы; осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы; осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардағы оқшауланған бөлімшесінің басшысы немесе басшысының орынбасары лауазымы түсініледі.»; 7-тармақта: төртінші бөліктегі «Басқару органы басшысының міндеттерін атқаруды басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне» деген сөздер «Атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне, бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды бас бухгалтердің орынбасарына» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты атқарушы орган басшысының не бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық мерзімге жүктеуге (уақытша жоқ адамды ауыстыруға) жол берілмейді.»; 12-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 223-баптың 3-тармағындағы «тәртібін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес алушы дербес айқындайды» деген сөздер «тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 224-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «кезеңділігін зейнетақы төлемдерін алушы дербес белгілейді» деген сөздер «кезеңділігі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 2-баптың бірінші бөлігі «мемлекеттің ақша-кредит саясатын» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі - ақша-кредит саясаты)» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 4-бапта: екінші бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.»; 3) 6-баптың бірінші бөлігіндегі «ұйымдарымен» деген сөз «республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен (бұдан әрі - Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары)» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері. Осы Заңның қағидаттары»; 5) 7-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «мемлекеттің» деген сөз алып тасталсын; 6) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын: «7-1-бап. Осы Заңның қағидаттары Осы Заң Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің заңдылығы, Қазақстан Республикасының Президентіне бағыныстылығы және Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен оған берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіздігі қағидаттарына негізделеді.»; 7) 8-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргізеді;»; мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру тәртібін айқындайды; 3-2) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды;»; «8-2) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды; 8-3) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыруды қоса алғанда, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды; 8-4) Қазақстан Республикасының өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуын реттеуді жүзеге асырады;»; 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыздар береді;»; 15) тармақша алып тасталсын; 16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «16) статистикалық әдіснаманы әзірлейді, ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы (төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш) жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады; 17) сыртқы сектор статистикасы жөніндегі статистикалық нысандарды әзірлейді, статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;»; 18) тармақша алып тасталсын; 18-1) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «18-1) валюталық реттеу және валюталық бақылау, ақша-кредит статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді (қаржылық және өзге де есептілікті) жинау мен өңдеуді жүзеге асырады және оларды ұсыну тәртібін айқындайды; 19) осы Заңға, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 20-1) және 24-3) тармақшалармен толықтырылсын: «20-1) төтенше жағдай енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің экономикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы ұйымдарының, төлем жүйелері операторларының, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуінің ерекше тәртібі мен шарттарын енгізуді, оның ішінде олар қолданатын комиссияларды реттеуді көздейтін арнаулы реттеу режимін енгізуге құқылы;»; «24-3) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының және төлем жүйелерінің операциялық орталықтарының Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»; 26) тармақшадағы «Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке» деген сөздер «Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіпке» деген сөздермен ауыстырылсын; 27) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын: «29-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының металл шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды;»; 30) тармақша алып тасталсын; 31) тармақшадағы «Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми баспа басылымдарда жарияланатын сенімгерлікпен» деген сөздер «Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік» деген сөздермен ауыстырылсын; 32) және 32-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «32) Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалармен жасасатын сенімгерлік басқару туралы шарттардың негізінде заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;»; «32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді;»; 33) тармақша алып тасталсын; 34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «34) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысады;»; 35) тармақша «және оларды қолдану тәртібін айқындайды» деген сөздермен толықтырылсын; 38-1) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 38-3) және 38-4) тармақшалармен толықтырылсын: «38-3) ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық саласында және өз қызметімен байланысты басқа да бағыттарда зерттеулер жүргізеді; 38-4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»; 8) 9-баптың екінші бөлігіндегі «Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген» деген сөздер «Ұлттық Банкі белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 12-баптың үшінші бөлігіндегі «филиалдар, өкілдіктер, ведомстволар мен ұйымдар» деген сөздер «Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкілдіктері, ведомстволары мен ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкілеттіктері 1. Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы болып табылады. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдармен олардың құзыреттеріне сәйкес келісу бойынша не бірлесіп мынадай: 1) ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; 2) банкноттар мен монеталарды сатуды, сатып алуды, айырбастауды, ауыстыруды, олардың төлемділігін айқындауды және айналыстан алып қоюды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының эмиссиясы, қолма-қол ақша айналысы, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды жүзеге асыру; 3) төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу, көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру; 4) валюталық реттеу және валюталық бақылау; 5) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу; 6) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру; 7) құзыреті шегінде үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру; 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде шектеулі ықпал ету шаралары мен қадағалап ден қою шараларын қолдану; 9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқару, оның ішінде оларды сыртқы басқаруға беру; 10) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін мемлекеттің тазартылған алтын сатып алуға басым құқығын іске асыру; 11) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 12) кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алуы; 13) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шеңберінде сыртқы сектор статистикасы жөніндегі есептердің статистикалық нысандарын ұсыну; 14) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шеңберінде әкімшілік деректерді жинау (қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну); 15) Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруы; 16) қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйесін, оның ішінде шоттардың үлгілік жоспарларын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, оларға әдістемелік ұсынымдарды реттеу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру; 17) өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде төлем ұйымдарын есептік тіркеу; 18) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігіне жəне іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды белгілеу; 19) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының металл шоттарды ашуы, жүргізуі жəне жабуы; 20) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтермен операциялар жүргізуі; 21) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік қызмет көрсетуі; 22) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік жəне брокерлік қызметті жүзеге асыруы; 23) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін жəне заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқару, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау; 24) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру; 25) Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау жəне олармен жасалған еңбек шартын тоқтату; 26) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 27) банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау; 28) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сəйкес осы тармақта көзделмеген Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша актілерді қабылдайды. 3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы: 1) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды; 2) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті, Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын қарайды, мақұлдайды жəне Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады; 3) Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің жəне оның ведомстволарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жəне əлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді; 4) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетін (шығыстар сметасын) бекітеді; 5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды; 6) ұйымдарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін жəне (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру жəне олардың қызметіне қатысу туралы, сондай-ақ олардың атауын өзгерту туралы, қайта ұйымдастыру жəне тарату туралы шешімдер қабылдайды; 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 11) 19-баптың төртінші бөлігіндегі «Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетін мəселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының)» деген сөздер «Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитетінің жəне Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мəселелер қосылмайды» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 25-баптағы «мемлекеттің» деген сөз алып тасталсын; 13) 29-баптың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын» деген сөздер «ақша-кредит саясатын» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 33-баптағы «сатуды Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы ақша-кредит саясаты шеңберінде жүзеге асырады» деген сөздер «сату Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тəртіппен жалпы ақша-кредит саясаты шеңберінде жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 34-баптың бірінші бөлігіндегі «мөлшерлемесі Қазақстан Ұлттық Банкінің» деген сөздер «мөлшерлемесі» деген сөзбен ауыстырылсын; 16) 43-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен монеталарды сатуы жəне сатып алуы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |