Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Теректі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін. 2. Теректі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 23 «Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6023 тіркелген, 2020 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Баяхатов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Досмаковқа жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛIСIЛДI» Теректі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С.Есенгалиев «30» желтоқсан 2020 жыл
Теректі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 5 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|