Осы редакция 2018 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына 2-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
ҚР Әділет министрінің 2018.20.03. № 442 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2018.20.03. № 442 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11095 болып тіркелген) (бұдан әрі-Стандарт) негізінде, Қазақстан Республикасының Әділет Министрігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады. ҚР Әділет министрінің 2018.20.03. № 442 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік қызметті көрсету электрондық нысанда. ҚР Әділет министрінің 2018.20.03. № 442 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi: адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап (электрондық түрде) болып табылады.
ҚР Әділет министрінің 2018.20.03. № 442 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|