Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен күші жойылды
2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 11096, 2015 жылғы 11 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 4-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады»; 11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайға не Министрліктің мекенжайына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй «Министрлiктер үйi» ғимараты, 13-кіреберіс»; «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|