|
|
|
Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы (өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы) Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 қазандағы № 24 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VІ ҚРЗ Кодексінің 38, 104-баптарының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 Қаулысының 5-тармагының 3-тармақшасы негізінде, облыс аумағында COVID-19 коронавирусты инфекциясымен сырқаттану жағдайларының жалғасуына орай өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты. ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2021 жылғы 20 қыркүйектегі «Павлодар облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы» № 21 Қаулысына 2021 жылғы 29 қазаннан 12 қарашаға дейінгі мерзімге төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-тармақ 2) тармақшамен толықтырылсын және келесідей редакцияда жазылсын: «2) «Ashyq» жобасына қатысатын келесі объектілердің жұмыс күндері жұмысына: - барлық типтегі қоғамдық тамақтандыру объектілері; - сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер; - сауналар, СПА-орталықтар; - театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар; - бильярд залдары; компьютер клубтары, РlayStation клубтарын қоса алғанда; - боулинг; караоке; - лотерея клубтары және лотереяларды өткізудің өзге де нүктелері; букмекерлік кеңселер жұмысына қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда сағат 00.00-ге дейінгі жұмыс режимімен (вакцинация, сынамаларды алу кезінен бастап 7 тәуліктен аспаған теріс нәтижемен ГІТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) рұқсат берілсін, «Ashyq» жобасының Көшбасшылары - сағат 02.00-ге дейін. 2. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы Қаулы 2021 жылдың 29 қазанында сағат 00:00 ден бастам 2021 жылдың 12 қарашасына сағат 00:00-ге дейінгі мерзіммен күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |