Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі бекітілсін. 2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә.Нұрмағамбетов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3) Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5343 тіркелген, 2008 жылғы 7 қарашадағы № 170 (1570) «Заң газетінде» жарияланған); 2) «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 528 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5947 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 «Заң газетінде» жарияланған). 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б.Шаяхметовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|