Осы редакция 2016 жылғы 3 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 қаулысымен бекітілген
«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалы және оның қалалары мен аудандарының бөлімдері (бұдан әрі - ХҚКО); 2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: ХҚКО-да - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру; денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы наркологдәрігерімен анықтаманы беру. Анықтама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып беріледі. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|