Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы (2022.28.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.28.04. № 111 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мыналар бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар түрлерінің тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидалары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталықтары қызметінің қағидалары; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|