Осы редакция 2019 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 215/НҚ бұйрығына 1-қосымша
«Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Порталға өтініш берілген сәттен бастап мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру - 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 3 (үш) жұмыс күні; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|