ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы ережеде: 8-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Кеңес отырыстарын өткізу нысанын, күнін, орнын және уақытын айқындайды;»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімде, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің тікелей қатысуымен немесе сырттай нысанда өткізіледі және Кеңес төрағасын қоса алғанда, Кеңестің кемінде төрт мүшесі дауыс беруге қатысқан кезде құқықтық күші бар болып саналады. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдау аяқталған күн Кеңестің отырыстарын сырттай нысанда өткізу күні болып табылады. Кеңестің құрамына кіретін лауазымды адам орнында болмаған жағдайда, Кеңес отырысына орнында болмаған лауазымды адамның міндеттерін атқаратын адам дауыс беру, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге немесе Кеңес отырысының хаттамасына қол қою құқығымен қатысады.»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|