2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 54-3 шешімі
(2020.21.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандагы Бюджет кодексінің 9 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тараз қалалық мәслихатының 2020.27.03. № 55-4 шешімімен (бұр.ред.қара); Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020.10.04. № 56-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.28.04. № 57-5 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.24.06. № 59-5 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.21.08. № 61-3 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 72621427 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 12025696 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 183 008 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 3369975 мың теңге;
трансферттер түсімі - 56742748 мың теңге;
2) шығындар - 94737772 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 447983 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 447983 теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -22564328 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 22564328 мың теңге:
қарыздар түсімі - 2023292 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 956 562 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 24497598 теңге.
Тараз қалалық мәслихатының 2020.27.03. № 55-4 шешімімен (бұр.ред.қара); Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020.10.04. № 56-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.28.04. № 57-5 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.24.06. № 59-5 шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді