ҚР Әділет министрінің 2019.05.07. № 382 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығына 5-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығымен күші жойылды
«Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2019.05.07. берілген өзгерістермен)
1. «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) әзірленді. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі: осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жеке және заңды тұлғамен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған). 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 1) тауар таңбасын тіркеу кезінде: тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне тауар белгісін енгізу (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім), тауар таңбасына куәлік беру және берілгені туралы мәліметтерді жариялау немесе стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап. 2) тауар таңбасының куәлігіне телнұсқа беру кезінде: тауар таңбасының куәлігіне телнұсқа беру немесе стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|