Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысы

 

Соттың жасырын тергеу әрекеттерін санкциялауын реттейтін заң нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Жасырын тергеу әрекеті - бұл қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау үшін мүдделеріне қатысы бар адамдарға алдын ала хабарламай сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жүргізілетін әрекет.

Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі - ҚПК) көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) келісімі бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар бекіткен Қағидаларда айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Жасырын тергеу әрекеттері іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша заң мүлтіксіз сақталып және Қазақстан Республикасының Конституциясында (бұдан әрі - Конституция) көзделген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіліп, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу талаптары сақталған және жүргізуге негіздер болған кезде жүзеге асырылады.

Әдетте жасырын тергеу әрекеттері істің мән-жайлары туралы ақпаратты өзге тергеу әрекеттері арқылы алу мүмкін болмаған жағдайларда жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Соттар қылмыстық іс шеңберінде жүргізілетін жасырын тергеу әрекеттерін «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII Заңына (бұдан әрі - ЖІҚ туралы Заң) сәйкес жүзеге асырылатын жедел-іздестіру іс-шараларынан (бұдан әрі - ЖІІ) ажырата білулері қажет.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг