Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/569 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 3/391 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 3/569 «Алматы қаласында көрсетілетін техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1223 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қарашада «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген регламенттердегі: «Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы» сөздері «Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» сөздеріне ауыстырылсын; аталған қаулымен бекітілген «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|