Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 3-қосымша
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (2022.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны қалыпастыру тәртібін анықтайды. ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022.17.11. № 462 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады: 1) проактивті қызмет-көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет. 3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022.17.11. № 462 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және/немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz. веб-порталы арқылы жүгінеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|