|
|
|
Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 2 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38, 104-баптарының 2-тармағының 3) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті Респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (бұдан әрі - СҚ), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» СҚ, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» № 36 Қаулысына (бұдан әрі - БМСДҚ), ҚР БМСД 2021 жылғы 02 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» № 38 Қаулысына, ҚР БМСД 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» № 42 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» № 2 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» № 3, ҚР БМСД 2022 жылғы 21 қаңтардағы «2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 4, ҚР БМСД 2022 жылғы 21 қаңтардағы «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысына 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 5 Қаулысына, 2022 жылғы 27 қаңтардағы «Ashyq» жобасын енгізу туралы» № 7 Қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Павлодар облысының Әкімдігі, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, Павлодар облысының полиция Департаменті, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы, кәсіпкерлік субьектілері, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар, Павлодар облысындағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін ҚР БМСД № 38 Қаулысының 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабта мынадай шешім қабылданды: 1) Өнеркәсіптік кәсіпорындардың COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді. Бұл ретте, ұйымдардың егілмеген қызметкерлері үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) көздеу. 2. Павлодар облысының Әкімдігі, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, Павлодар облысының полиция Департаменті, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар қамтамасыз етсін («Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін): 1) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметі, ҚР БМСД № 7 сәйкес, ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып. 3. Павлодар облысының Әкімдігі, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, Павлодар облысының білім беру Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субьектілерінің, заңды және жеке тұлғалардың басшылары қамтамасыз етсін («Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілер үшін): 1) жабық ғимараттарда және ашық орындарда көріністі, отбасылық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) іс-шараларын және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге (митингілер, шерулер, көрмелер, конференциялар, көрсетілімдер т.б.) өткізуге, сондай-ақ жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салынсын»; 2) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, қорқор бөлмелері, букмекерлік кеңселер, бильярд залдары, ойын клубтары, түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, боулинг орталықтары және т.б.) қызметіне тыйым салынсын; 3) облысаралық, облысішілік, қалааралық (Павлодар - Ақсу, Павлодар - Кемеңгер, Павлодар - Заңғар бағыттарын қоспағанда), ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалы, облысаралық, қалааралық тұрақты емес «туристік» тасымалы тоқтатыла тұрсын; 4) балалар ойын-сауық орталықтарының қызметіне тыйым салынсын (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар); 5) мәдениет объектілерінің қызметіне тыйым салынсын (дайындықтар); 6) театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне тыйым салынсын; 7) көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізуге тыйым салу; 8) еске алуларды (жабдықтар) өткізуге тыйым салынсын; 9) мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша келушілерге қызмет көрсетуді қоспағанда, банкет залдарының қызметіне тыйым салынсын; 10) кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимінде өткізуге тыйым салынсын; 11) көрермендердің қатысумен спорттық іс-шаралар өткізуге тыйым салу; 12) толымдылығын 30% дан асырмай, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне рұқсат берілсін; 13) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып кітапхана, музейлердің қызметіне рұқсат берілсін; 14) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра, ашық ауадағы аттракциондардың қызмет етуіне рұқсат берілсін; 15) ҚР БМСД № 36 Қаулысының, СЕ№ ҚР ДСМ-76 талаптарын орындай отыра, 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқытылсын: - жалпы білім беру мектептерінде («қызыл аймақ»): - жалпы білім беретін мектептерде - бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептердегі 1-6 сыныптар) - штаттық форматта; - 600 оқушыға дейін - штаттық форматта; - 600 оқушыдан жоғары мектептер - жобалық қуаттың 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта; - мектептен тыс ұйымдарда («қызыл аймақ») - штаттық форматта; - колледждер мен жоғары оқу орындарында («қызыл аймақ») - аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика - ыңғайлы кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер - онлайн. Білім беру ұйымы әкімшілігінің қарауы бойынша толық вакцинация курсын алған оқушыларды штаттық форматта оқыту. 16) ҚР БМСД № 36 Қаулысының талаптарын сақтай отырып мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне рұқсат берілсін; 17) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отыра және жабық ғимараттарда ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) жекелей қызметіне рұқсат берілсін. 18) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отыра, жұмыс уақытын шектемей гүлдер дүкендерінің қызметіне рұқсат берілсін; 19) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра, бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс уақытын сағат 18:00-ге дейін белгілей отыра сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне рұқсат берілсін; 20) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс уақытын шектемей, азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік тауарларын өткізетін жабық базарлардың қызметіне рұқсат берілсін; 21) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығы бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік тауарларын өткізетін базарлардың (ғимараттан тыс) қызметіне жұмыс уақытын шектемей рұқсат берілсін; 22) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығы бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс уақытын шектемей супермаркеттердің, гипермаркеттердің қызметіне рұқсат берілсін; 23) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығы бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда азық-түлік дүкендерінің қызметіне рұқсат берілсін; 24) бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс күндері жұмыс уақытын шектемей, ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отыра, азық-түлік емес тауарларды өткізу дүкендердің қызметіне рұқсат берілсін; 25) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне сағат 9:00-ден 20.00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен жеткізу/алып кету режимін шектемей, ғимарат ішіндегі жалпы отырғызу орнын 30 дан асырмай, толымдылығын 50% дан асырмай, әлеуметтік арақашықтықтың, үстелдердің көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 1,5 метр арақашықтықта орналастырылуын және бір үстел алдында 4-6-дан аспайтын адамдардың отырғызылуын сақтап, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізбей, ҚР БМСД № 38, № 4 Қаулыларының талаптарын орындай отыра, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жабылып, келушілердің нысанда болуына тыйым салумен рұқсат берілсін; 26) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, жұмыс уақытын шектемей, стрит-фудтар (жеке тұрған палатка/дүңгіршек/отырғызу орындары жоқ киоскі) қызметіне рұқсат берілсін; 27) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, жұмыс уақытын 20.00-ге дейін шектей отыра, 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр қамтамасыз етілген жағдайда (алдын ала жазылумен) сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметологиялық қызметтерді ұсынатын нысандардың жұмысына рұқсат берілсін; 28) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат берілсін; 29) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамының COVID-19 ға қарсы вакцинациясының толық курсын алғандығы туралы құжаттық дәлелдемелерін ұсынған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат берілсін; 30) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, бір келушіге кемінде 5 шаршы метрді қамтамасыз еткен жағдайда, топтық жаттығулар өткізуге жұмыс күндері сағат 20.00 дейін уақытын шектей отыра, сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра спорт кешендері мен басқа да спорт нысандарының, соның ішінде фитнес, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат берілсін; 31) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра бір адамға су айнасының 5 шаршы метр есебінен жеке форматта, жұмыс күндері жұмысын сағат 20.00 дейін шектей отыра сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра бассейндердің қызметіне рұқсат берілсін; 32) жұмыс уақытын сағат 8:00 ден 24:00-ге дейін шектеумен, ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра моншалардың қызметіне рұқсат берілсін; 33) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, жұмыс күндері жұмыс уақытын сағат 8:00 ден 20:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра СПА-орталықтардың қызметіне рұқсат берілсін; 34) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, жұмыс күндері жұмыс уақытын сағат 8:00 ден 20:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра сауналардың қызметіне рұқсат берілсін; 35) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра бір адамға мұз айнасының 5 шаршы метр есебінен жеке форматта, жұмыс күндері жұмысын сағат 08.00 ден 20.00 дейін шектей отыра сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра жабық мұз айдындарының қызметіне рұқсат берілсін; 36) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың, стоматологиялардың және т.б. жұмысына (алдын ала жазумен) рұқсат етілсін; 37) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, дәріханалардың, оптика дүкендерінің қызметіне рұқсат берілсін; 38) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, жиналуы мен ұзақ тығыз байланысты тудырмайтын, халыққа байланыссыз қызмет көрсететін нысандардың (баспахана қызметтерін ұсынатын нысандар, тұрмыстық техниканы жөндеу; телешеберханалар; автосалондар; автожуу; шиножөндеу; автомобильдер жөндеу; зергерлік шеберханалар; аяқ-киім шеберханалары; тігін ательесі; аяқ-киімді, киімді жөндеу жөніндегі сервис, картридждерді толтыру және басқа нысандар) жұмыс уақытын шектемей жұмыс істеуіне рұқсат берілсін; 39) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, бизнес-орталықтарының және сол жерде орналасқан адвокат, нотариус, бухгалтер мен консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлар, азық-түлік емес тауарларды, заттарды және т.б. сату жөніндегі бутиктер (бөлімдер), және т.б. нысандар жұмысын жұмыс уақытын шектемей ұйымдастыруға рұқсат берілсін; 40) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірлескен бұйрығы талаптары мен ҚР БМСД № 38, № 4 Қаулыларының талаптарын орындай отыра қаржы секторы субъектілерінің (екінші деңгейлі банктер; банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шетел валютасымен қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде тек айырбастау пункттері арқылы жұмыс жасайтын заңды тұлғалар, ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, несиелік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары; коллекторлық агенттіктер) қызметіне рұқсат берілсін; 41) ҚР БМСД № 38, № 4 Қаулыларының талаптарын сақтай отырып «Азаматтарға арналған үкімет» МК» ҰАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталықтарының штаттық режимдегі қызметі (өз кестесі бойынша); 42) ҚР БМСД № 38, № 4 Қаулыларының талаптарын сақтай отырып, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің штаттық режимдегі қызметі (өз кестесі бойынша); 43) ҚР БМСД № 38, № 4 Қаулыларының талаптарын орындай отыра, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне; құрылыс жұмыстарына (тұрмыстық бөлмелерде байланыс болмағанда), ауыл және балық шаруашылығына, мал шаруашылығына рұқсат берілсін; 44) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығын 80% дан асырмай туризм объектілерінің қызметіне (демалыс үйлері, демалыс аймақтары, туристік базалар және т.б.) рұқсат берілсін; 45) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, толымдылығын 80% дан асырмай халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, және т.б.) қызметіне рұқсат берілсін; 46) ҚР БМСД 36, № 38 Қаулыларының талаптарын орындай отыра, арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат берілсін; 47) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра, топтағы адам санын 15 тен асырмай жинақтаған жағдайда, алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету, оңалту орталықтарының, балалар мем ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата отыра білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары қызметіне рұқсат берілсін; 48) өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат берілсін; 49) ҚР БМСД № 38, № 4 Қаулыларының талаптарын орындай отыра, мемлекеттік органдардың (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат берілсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу формасында қалдырылады. Қызметкерлері COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған жағдайда жұмысты қашықтықтан және көзбе көз режимде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық құрамына қойылатын талаптарды есепке алмай қызметін жүргізеді. Бұл ретте, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған және соңғы 3 айда COVID-19-бен ауырып шыққан қызметкерлерге толық күндік жұмысқа шығуға, яғни, көзбе көз режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі; 50) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда (қарбалас сәтте автобустар санын көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, отыратын орын саны бойынша толтыру, жолаушылардың қоғамдық көліктерге қорғаныс бетперделерінсіз кіруіне жол бермеу), көлік бірліктерінің санын ұлғайта отырып, қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат берілсін; 51) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра такси қызметтерінің қызметіне рұқсат берілсін; 52) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, кемінде 2 метр арақашықтықты, бетперде режимін сақтай отыра, адам саны 15 тен аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларына) баруға рұқсат берілсін; 53) қарттар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, сәбилер үйлері, балалар үйлері, әлеуметтік оңалту орталықтары, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындары санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра жұмыс істейді. Әлеуетті ата-аналарға жетім балалармен оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықта болуы, қамқоршысы болу үшін балалар үйіне және сәбилер үйіне баруына әлеуетті ата-аналарға берілуінен 3 тәуліктен аспаған COVID-19 ға ПТР зертханалық тексерісі теріс нәтиже көрсеткен немесе COVID-19 ға қарсы вакцинациясының толық курсын алғандығы туралы құжатты ұсынған кезде рұқсат беріледі; 54) Медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйі, балалар үйі және басқалар) пациенттеріне келушілерге, ұлттық превентивті механизм қатысушыларының баруына ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар құжатты берген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен кезде немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде, COVID-19-ға ревакцинация немесе толық вакцинация курсын алғаны туралы құжатты немесе соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырғандығы туралы құжатты ұсынған кезде рұқсат беріледі. 55) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, барлық сауда нысандарына, қоғамдық көліктерге, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, дәліздерге, лифт кабиналарына, ұйымдарға, басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізілсін; 56) Шетелден келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде) (бұдан әрі - анықтама) ұсынуға міндетті. Бұл ретте Анықтама ПТР әдісімен зерттеу үшін материалды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен 72 сағаттан ерте емес уақытта алынған жағдайда жарамды. Анықтама оларды алып жүретін адамдарда анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларынан; авиакомпаниялар экипаждарынан талап етілмейді; 57) ПТР әдісімен COVID-19 ға тест өтуі жөнінде анықтамасыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келген Қазақстан Республикасының азаматтары карантинді стационарларға орналастырылсын. 1) бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отыра спортпен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда болған кезде, халық баратын, қызмет көрсетілетін және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (соның ішінде, такси ішінде) болған кезде медициналық немесе тоқыма бетперделерді міндетті түрде кисін; 2) объектілерге барғанда, қоғамдық көлікті пайдаланған кезде, сонымен қатар, жұмыс орындарында төмендегілерді сақтасын: - қол алыспау, адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін дұрыс кисін; - жеке гигиенаны (қолды жуғыш құралдармен жуу, санитайзерлерді (қолға арналған антисептиктер) пайдалану) сақтау, түшкіру және жөтелу этикетін сақтау; 3) респираторлық инфекцияның (тұмау, түшкіру, дене қызуы) алғашқы симптомдары пайда болған жағдайда медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық жәрдемді үйге шақырту арқылы медициналық көмекке шұғыл жүгінсін; 4) отбасылық, еске алу (банкеттер, тойлар, мерейтойлар және т.б.) іс-шараларын, соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын шараларды өткізуге және қатысуға; - жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа да шараларды өткізу үшін жалға алуға; - қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға; - жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға жол берілмесін. 5. Павлодар облысының әкімдігіне, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне, полиция Департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары қамтамасыз етсін: 1) қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік іс-шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақыласын. Бұзушылықтарды анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылсын». 6. Павлодар облысының полиция Департаменті: 1) жұмысты жалғастырсын және бетперделік режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау мәніне тұрғын үй секторының, парктердің, скверлердің, аулаішілік балалар ойын алаңдарының, демалыс аймақтарының, қоғамдық көліктің патрульдеуін қамтамасыз етсін, учаскелік қызмет жұмысын жасырып отбасылық, ұжымдық іс-шараларды анықтауға бағыттасын; 2) COVID-19 бойынша байланысқа түскен адамдарды карантинге жабу орындары мен провизорлық госпитализациялау орындарының күзетін қамтамасыз етсін; 3) COVID-19 бойынша байланысқа түскен адамдарды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келген COVID-19-ға зертханалық зерттеуінің оң нәтижесі бар адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 7. Денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін: 1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отыра, COVID-19-бен сырқаттанған адамдарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарда жеке төсек-орындарды бөлсін; 2) серіктес босануға тыйым салынсын; 3) көрсетілетін медициналық көмек ерекшелігін ескере отыра, COVID-19 ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациентті анықтаған жағдайда, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында оңашалауға арналған үй-жайларды бөлсін; 4) COVID-19 сырқатына күдігі бар пациенттермен кездесуіне жол бермей, пациенттердің күн сайынғы ағымын бөлсін (басқа нозологиялық сырқаттар бойынша); 5) босандыру ұйымдарына босанатын әйелдер, сондай-ақ, көп бейінді стационарларға өмір көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетілуіне мұқтаж пациенттер келіп түскен жағдайда, медициналық көмек COVID-19-ға зертханалық зерттеу нәтижелерін күтпей-ақ, эпидемияға қарсы режимді сақтаумен, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, оңашаланған бөлмеде көрсетіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |