«Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларда: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 32-6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және астықтың резервтік қорын басқару тәртібін айқындайды.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Оператор астықтың резервтік қорын басқаруға байланысты қызметтің нәтижелері бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есепті ұсынады.»; көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|