|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 6-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім): 1) 145-баптың 2-тармағында: «қайта шығаруға» деген сөздерден кейін «, пайдалануға» деген сөзбен толықтырылсын; «заң құжаттарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 193-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;» деген сөздерден кейін «қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымының мүліктік кешені;» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 249-баптың 3-1-тармағы «Қазақстан Республикасы Президентінің» деген сөздерден кейін «не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 273-баптың 6-тармағы «арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «туберкулезбен ауыратын немесе бұрын ауырған,» деген сөздермен толықтырылсын. 3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 20-2-бапта: екінші бөліктегі «арнайы тексеруден өткеннен» деген сөздер «арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған адамды тағайындауға болмайды.»; 2) 20-3-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) міндетті арнаулы тексерудің теріс нәтижелері;». 4. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өз рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»; 2) 1-2-баптың 2-тармағында: 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары;»; 3) 1-3-баптың бірінші бөлігіндегі «үйлер, құрылыстар мен ғимараттар,» деген сөздер «ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар,» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) мынадай мазмұндағы 1-4-баппен толықтырылсын: «1-4-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыс мақсаттары Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін ұйымдастыру және үйлестіру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыс мақсаттары болып табылады.»; 5) 2-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «Мыналар» деген сөз «1. Мыналар» деген сөздермен ауыстырылып, 1) тармақшасындағы «, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының» деген сөздер алып тасталсын; 6) 8-бапта: 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де күзетілетін адамдарды байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру. Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін және өзге де ұйымдарды президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі келісімдерде (шарттарда) айқындалады;»; 10) тармақша алып тасталсын; 7) 15-1-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 8) 17-бапта: үшінші бөліктегі «азаматтар мен лауазымды адамдар» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы бөліктегі «партияларда, өзге де қоғамдық бірлестіктерде» деген сөздер «саяси партияларда, кәсіптік одақтарда» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар, олардың қызметінің мақсаттары мыналар болып табылады: 1) жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қазақстан Республикасының Парламентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыру және үйлестіру, сондай-ақ мемлекет басшылығының саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесу.»; 2) 8-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасындағы «қабылдайды» деген сөз «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 12-бапта: 12-1) тармақшадағы «және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақтың 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдарға қатысты дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімін жүзеге асыруға;»; 14) және 17-2) тармақшалар алып тасталсын; 19) тармақшадағы «жүзеге асыруға міндетті» деген сөздер «жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын: «19-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға;»; 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «20) мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіппен міндетті арнаулы тексеру жүргізуге;»; 20-2) тармақша алып тасталсын; 22-1) тармақшадағы «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын; 4) 13-бапта: 12) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын; 16), 20-1), 20-2) және 20-3) тармақшалар алып тасталсын; 20-4) тармақшадағы «Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату, сондай-ақ оның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту» деген сөздер «құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату» деген сөздермен ауыстырылсын; 20-5) және 21) тармақшалар алып тасталсын; 5) 13-1-баптың алтыншы бөлігі алып тасталсын; 6) 15-бап алып тасталсын; 7) 17-бапта: 1 және 5-тармақтар алып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері санатына ауыса алады.»; 8) 18-бапта: 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «азаматтардың, лауазымды адамдардың және ұйымдардың» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ «әскери қызметшілері» деген сөздерден кейін «саяси» деген сөзбен толықтырылсын; 9) 23-баптың 3-тармағы алып тасталсын. 6. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын: «2-1-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттері 1. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты оларды жария ету және жоғалту қаупінен қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 2. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың міндеттері мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамыту; 2) мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу; 3) таратылуын шектеу Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне негізделген, құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін айқындау; 4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа жіберілетін адамдар тобын айқындау; 5) мемлекеттік құпияларды қорғау әдістері мен құралдарын әзірлеу, ендіру, қолдану және жетілдіру.»; 2) 5-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «мемлекеттік құпияларды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 7-баптың 9) тармақшасы «шет мемлекеттерге» деген сөздерден кейін «және (немесе) халықаралық ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 8-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әзірлейді және бекітеді;»; 4), 5), 6), 8), 9) және 12) тармақшалар алып тасталсын; 5) 9-баптың 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалары алып тасталсын; 6) 14-бапта: 11) тармақшадағы «, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының және олардың» деген сөздер «және оның» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын: «18-1) терроризмге қарсы операциялардың тактикасын, нысанын, әдістерін, құралдарын және оларға қатысушылар құрамын ашатын мәліметтер;»; 7) 19-баптың 4-тармағындағы «шетелдік азаматтар мен ұйымдарға» деген сөздер «шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік ұйымдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 20-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттік құпияларды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 21-бап алып тасталсын; 10) 22-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттік құпияларды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 23-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «мемлекеттік құпияларды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 24-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттік құпияларды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 27-бапта: тақырып «шет мемлекеттерге» деген сөздерден кейін «с» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: «нақты» деген сөз алып тасталсын; «шет мемлекетке» деген сөздерден кейін «және (немесе) халықаралық ұйымға» деген сөздермен толықтырылсын; «уәкілетті» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармақтағы «Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: «шет мемлекеттерге» деген сөздер «шет мемлекетке және (немесе) халықаралық ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын; «мемлекеттік құпияларды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақ алып тасталсын; 14) 28-баптың 1-тармағының төртінші абзацындағы «мемлекеттік құпияларды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 29-бапта: тақырыптағы «және шетелдіктерге» деген сөздер «, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші бөліктің бірінші абзацы «азаматтарына» деген сөзден кейін «, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын; «Әкімшілік пен ресімделуші адамның өзара міндеттемелері мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта көрсетіледі.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік құпияларға рұқсат ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ресімделгенге дейін осындай рұқсат етудің тиісті нысанын талап ететін қызметіне жол берілмейді.»; 4-тармақтағы «Шетелдіктерге» деген сөз «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 30-баптың 1-тармағында: алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы лауазымды адамының және (немесе) азаматының Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді қабылдамауы;»; мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын: «лауазымды адам немесе мемлекеттік қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырмаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, мемлекеттік құпияларға рұқсат ету ресімделгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылуы; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы; ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін онда сотталғандығының болуы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы; қылмыстық топ құрамында қылмыс жасауы; азаматтың тексеру шараларынан жалтаруы; осы Заңның 31-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацында көзделген талаптарды сақтамауы; осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсынбауы немесе бұрмалауы негіз болып табылады.»; 17) 31-бапта: 1-тармақта: бірінші абзацтағы «мемлекеттік орган немесе» деген сөздер алып тасталсын; екінші абзацтағы «еңбек шартында» деген сөздер «мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының лауазымды адамы немесе азаматы осындай тоқтату орын алғаннан кейін бес жыл өткен соң бас тартуға негіздер болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияларға қайтадан жіберілуге құқылы.»; 2-тармақтағы «, онымен еңбек шартын әкімшіліктің бастамасы бойынша бұзу» деген сөздер «әкімшіліктің бастамасы бойынша онымен еңбек шартын, келісімшартты бұзу, оны лауазымнан шеттету немесе жұмыстан шығару» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «еңбек шартын бұзу» деген сөздер «еңбек шартын, келісімшартты бұзу, оны лауазымнан шеттету немесе жұмыстан шығару» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 32-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта көзделген мерзімге Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге (оның ішінде тұрақты тұрғылықты жерге) шығу құқығына;»; 19) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Еңбек шарты, келісімшарт бұзылған, жұмыстан шығарылған (отставкаға кеткен) немесе мемлекеттік құпияларға рұқсат етуге қатысы жоқ лауазымға ауысқан кезде Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат ету тоқтатылады.»; 20) 37-баптың 1-тармағы «сондай-ақ шетелдіктер» деген сөздерден кейін «мен азаматтығы жоқ адамдар» деген сөздермен толықтырылсын. 7. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың 3-1) тармақшасы «құрылысжайлар,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: «3-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты, міндеттері мен қағидаттары 1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады. 2. Терроризмге қарсы іс-қимылдың міндеттері мыналар болып табылады: 1) терроризм профилактикасы; 2) террористік әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеп-тексеру; 3) шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық қолдап отыру, авариялық-құтқару және өртке қарсы іс-шаралар өткізу, террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуін және экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, терроризм актісінің салдарынан жәбірленген адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды әлеуметтік оңалту, терроризм актісінің салдарынан жәбірленген адамдарға моральдық және материалдық зиянды өтеу арқылы терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою. 3. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, террористік қылмыстардың жасалуы салдарынан қауіп төнген адамдардың өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; 2) заңдылықтың сақталуы; 3) терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының террористік қауіп дәрежесіне мөлшерлес болуы; 4) терроризмнің алдын алудың басымдығы; 5) террористік әрекетті жүзеге асырғаны үшін жазаның бұлтартпастығы; 6) терроризмге қарсы іс-қимылдың саяси, ақпараттық-насихаттық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, арнаулы және өзге де шараларының жүйелі болуы және оларды кешенді түрде пайдалану; 7) терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде тартылатын күштер мен құралдарға жедел басшылық жасауда дара басқару; 8) терроризмге қарсы іс-қимылдың жария және жария емес әдістерінің ұштасуы; 9) терроризмге қарсы операциялардың тактикасы, нысандары, әдістері, құралдары және оларға қатысушылар құрамы туралы мәліметтерге шектеулі қолжетімділікті қамтамасыз ету.»; 3) 4-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы «әзірлейді» деген сөзден кейін «және бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын. 8. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 2-баптың 3-тармағындағы «терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға,» деген сөздер алып тасталсын; 2) 13-баптың 3-тармағындағы «, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын» деген сөздер алып тасталсын. 9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 27-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы «аумағында терроризм» деген сөздерден кейін «мен экстремизм» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 31-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы «аумағында терроризм» деген сөздерден кейін «мен экстремизм» деген сөздермен толықтырылсын. 10. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1-баптың 19-2) тармақшасындағы «үйлер, құрылыстар мен ғимараттар» деген сөздер «ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 15-11-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын: «Уәкілетті органның қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады. Міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған адам уәкілетті органның қызметшісі лауазымына тағайындала алмайды.»; 2) 15-12-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) міндетті арнаулы тексерудің теріс нәтижелері;». 12. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 2-бапта: 12-тармақтың 1) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2024 ж. 24 ақаннан бастап қолданысқа енгізілді 2) тармақшада: бірінші абзац «абоненттер» деген сөзден кейін «және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзац «абоненттік нөмірлер» деген сөздерден кейін «және (немесе) пайдаланушылар нөмірлері» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші абзацтағы «абоненттің алған қызметтері» деген сөздер «абонент және (немесе) пайдаланушы алған қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын; тоғызыншы абзац «абоненттер» деген сөзден кейін «және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар» деген сөздермен толықтырылсын; 44-1) тармақшадағы «, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының» деген сөздер алып тасталсын; 12-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 24 ақаннан бастап қолданысқа енгізілді 2) 21-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «абоненттер туралы» деген сөздер алып тасталсын; 12-тармақтың 3) тармақшасы 2024 ж. 24 ақаннан бастап қолданысқа енгізілді 3) 40-баптың 1-2-тармағында: «абоненттер туралы» деген сөздер алып тасталсын; «абонент» деген сөзден кейін «және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушы» деген сөздермен толықтырылсын. 13. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 4 және 11-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «4-бап. Экстремизмге қарсы іс-қимылдың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары 1. Қазақстан Республикасында экстремизмге қарсы іс-қимылдың мақсаттары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты қорғау, Қазақстан Республикасының егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын және бөлінбестігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 2. Қазақстан Республикасында экстремизмге қарсы іс-қимылдың міндеттері мыналар болып табылады: 1) экстремизмнің көрініс беру нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасында оны жүзеге асыруға жол бермеу; 2) экстремизмді жүзеге асыру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктердің жасалуын болғызбау; 3) азаматтардың саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыру; 4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 3. Қазақстан Республикасында экстремизмге қарсы іс-қимыл мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) заңның үстемдігі; 2) нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі; 3) қоғамдық, оның ішінде ұлтаралық және конфессияаралық келісім; 4) мемлекет пен қоғамдық институттардың өзара іс-қимылы; 5) жариялылық.»; «11-бап. Мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін үйлестіру 1. Мемлекеттік органдардың экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша қызметін үйлестіруді тұрақты түрде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экстремизм профилактикасы бойынша қызметін үйлестіруді терроризмге қарсы комиссиялар шеңберінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |