Осы редакция 2019 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына 4-қосымша
«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) 2015 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 тіркелген) «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі мемлекеттік сертификат болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-әрекеттің) басталуына негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес қызметті алушының қажетті құжаттар тізбесін (бұдан әрі - құжаттар тізбесі) ұсынуы болып табылады. 5. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің мазмұны: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|