Ұлттық архив қоры және архивтер туралы (2017.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архив ісі 3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдары 4-бап. Ұлттық архив қорының құрамы 5-бап. Ұлттық архив қорын қалыптастыру негіздері, толықтыру көздері 7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын меншіктену құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау 8-бап. Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда архив құжаттарына меншік құқығы 9-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу 11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау 12-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету 13-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру 4-тарау. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану 14-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану тәртібі 15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару 16-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер 16-1-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi 17-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын коммерциялық мақсатта пайдалану 5-тарау. Архив ісін мемлекеттік реттеу мен басқару 18-бап. Архив ісін мемлекеттік реттеу 19-бап. Архив ісін мемлекеттік басқару 20-бап. Қазақстан Республикасындағы архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі 22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері 6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық 23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар 25-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың архивті пайдалану құқығы 26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша: «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылды, «мұрағат», «мұрағаттарды», «мұрағаттардың», «мұрағаттар», «мұрағаты», «Мұрағат», «мұрағаттарының», «мұрағаттары», «мұрағаттың», «мұрағаттарындағы», «мұрағаттардағы», «мұрағатқа», «Мұрағатының», «мұрағаттарда», «мұрағаттарға», «мұрағаттық», «мұрағаттарынан», «мұрағаттарында» және «мұрағатты» деген сөздер тиісінше «архив», «архивтерді», «архивтердің», «архивтер», «архиві», «Архив», «архивтерінің», «архивтері», «архивтің», «архивтеріндегі», «архивтердегі», «архивке», «Архивінің», «архивтерде», «архивтерге», «архивтік», «архивтерінен», «архивтерінде» және «архивті» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) архив ісі - мемлекеттік ұйымдар мен заңды және жеке тұлғалар қызметінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын құру, олардың сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастыруға байланысты саласы; 2) архивтік құжат - қоғам үшін маңыздылығына қарай, сондай-ақ меншік иесіне құнды, сақталынатын немесе сақталуға жататын құжат; 3) архив - архивқұжаттарының жиынтығы, сондай-ақ архив мекемесі немесе мекеменің, ұйымның немесе кәсіпорынның пайдаланушылар мүдделері үшін архив құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі; 4) архив қорлары - бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттардың жиынтығы; 5) архив коллекциясы - қор құрушылар қызметінде құрылған және бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттардың жиынтығы; 6) ведомстволық архив - Ұлттық архив қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кірмеген құжаттарды жинақтауды, уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі; 7) мемлекеттік архив - Ұлттық архив қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық берілген мемлекеттік мекеме; 8) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры - Ұлттық архив қорының мемлекет үшін бірден-бір маңызы бар және жойылған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшірмелерінің жиынтығы; 9) құжат - материал көзінде дәлме-дәл жазып алынған, бір ізге түсіруге мүмкіндік беретін ақпарат; 10) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 11) Ұлттық архив қоры - заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған барлық архивтердің, архив қорлары мен коллекцияларының, деректі ескерткіштердің, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы; 12) ресми құжат - жеке немесе заңды тұлға жасаған, белгіленген тәртіппен ресімделіп, куәландырылған құжат; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 13) уәкiлеттi орган - архивтер мен құжаттаманы басқарудың орталық атқарушы органы; 14) жеке архив - Ұлттық архив қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кірмеген құжаттарды жинақтауды, сақтауды, пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі немесе жеке адамның қызметі, құжаттарды жинақтауы (сатып алуы) нәтижесінде пайда болған архиві; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15) арнайы мемлекеттік архив - архив мекемесі немесе осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының бөлімшесі; 16) адам құрамы жөніндегі құжаттар - қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар кешенi және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның аударылуы туралы мәлiметтер; 17) архив құжаттарын пайдаланушы - пайдалану мақсатында ақпарат алу үшiн архив құжаттарына жүгінетін жеке немесе заңды тұлға; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 18) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару - архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді көшіру; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 19) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы - «электрондық үкiметтiң» құрылымын және «электрондық әкімдіктiң» үлгілік құрылымын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;
2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архив ісі 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры (бұдан әрі - Ұлттық архив қоры) Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды. 2. Ұлттық архив қорына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сақтаулы және халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстанға қайтарылуға тиісті архив құжаттары да жатады. 3. Ұлттық архив қоры қоғам мен мемлекеттің қажеттерін қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қызмет етеді. 4. Архив ісін дамыту мен жетілдіруге қамқорлық жасауды мемлекет өз мойнына алады. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау барлық жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдары Қазақстан Республикасының ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. ҚР ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені қараңыз
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Ұлттық архив қорының құрамы 1. Ұлттық архив қорының құрамына: 1) заң актілері және басқа да ресми құжаттар; 2) басқару, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, технологиялық, патенттік-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнаулы құжаттама; 3) электрондық ақпараттық ресурстар, машинамен оқуға бағдарланған және дыбыстық-бейне құжаттама; 4) тарих пен мәдениетті деректі ескерткіштері; 5) жеке адам тегінің құжаттары және ұлттық құндылық болып табылатын өзге де құжаттама; 6) Қазақстан Республикасының меншігіне түскен өзге де құжаттар; 7) құжаттардың сақтандыру көшірмелері кіреді. 2. Құжаттарды Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу тәртібі, олардың есебін жүргізіп, сақталуын ұйымдастыру осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ұлттық архив қоры, Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережелермен белгіленеді.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Ұлттық архив қорын қалыптастыру негіздері, толықтыру көздері 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік архивтерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасы мемлекеттік архивтерінің, облыстар, қалалар, аудандар мемлекеттік архивтерінің және олардың филиалдарының, арнаулы мемлекеттік архивтердің, кітапханалардың, музейлердің құжаттары Ұлттық архив қорын қалыптастырудың негізі болып табылады. 2. Ұлттық архив қорын толықтырудың көздері: 1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың, Конституциялық Кеңестің, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік заңды тұлғаларының, оның ішінде шет елдегілердің де ведомстволық архивтері; 2) жеке архивтер болып табылады. 3. Ұлттық архив қоры Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының меншігіндегі архив құжаттарын сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру, сатып алу жолымен де толықтырылуы мүмкін. 4. Мемлекет Қазақстан аумағынан тыс жерлерде табылған Қазақстан Республикасының тарихи мұра құжаттарын қайтаруға шаралар қолданады, жинақталған және Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты құжаттарды іздестіру мен Отанына қайтаруды көтермелеп, қаржыландырып отырады.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ҚР Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу тәртібі 1. Құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Ұлттық архив қоры құрамынан шығарып тастау құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау негізінде жүргізіледі. Құжаттардың жасалған жері, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері олардың құндылығының өлшемдері болып табылады. 2. Құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптаманы уәкілетті орган құратын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құратын сараптау-тексеру комиссиялары жүргізеді. 3. Уәкілетті орган сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде: 1) Ұлттық архив қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тиісті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекітеді; 2) құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қоры құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешімдер қабылдайды. Саяси және идеологиялық пікірлер бойынша Ұлттық архив қоры құрамынан шығарып тастауға тыйым салынады; 3) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібiн белгілейдi. 4. Ұлттық архив қорын қалыптастыру және толықтыру көздерi болып табылатын: 1) республикалық меншiктегi ұйымдардың құжаттарын уәкiлеттi органның келісімiнсiз; 2) коммуналдық меншiктегi ұйымдардың құжаттарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының келісімінсіз; 3) жеке меншіктегі ұйымдардың құжаттарын архивтің орналасқан жеріне қарай уәкілетті органның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жоюға рұқсат етілмейді.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын меншіктену құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау 1. Ұлттық архив қорының құжаттары мемлекеттік және жеке меншікте болады. 2. Мемлекеттік меншіктегі құжаттарға: 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінде және олардың филиалдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде сақтаулы тұрған, оның ішінде 1917 жылға дейін жасалған, арнаулы мемлекеттік архивтердегі, мемлекеттік кітапханалардағы және музейлердегі республикалық меншіктегі, Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорындағы құжаттар; 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының, Ұлттық Банкінің және басқа да мемлекеттік республикалық заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар; 2) коммуналдық меншіктегі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарында сақтаулы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, соттардың, прокуратураның, коммуналдық кәсіпорындар мен басқа да мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар жатады. 3. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің қызметі немесе жинауы (сатып алуы) нәтижесінде жасалған құжаттары жеке меншікке жатады. 4. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын иелену және пайдалану құқықтары беріледі. 5. Архив құжаты меншік иесінің келісімінсіз сот шешімі негізінде ғана алып қойылуы мүмкін. Архив құжаттарының түпнұсқалары сот-тергеу істері үшін алып қойылған жағдайда құжат иесіне олардың дубликаттары немесе көшірмелері қалдырылады. Сот (тергеу) процесі біткеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары меншік иелеріне қайтарылады. 6. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, яғни меншік құқығын беруге байланысты мәмілелер жасау объектісі бола алмайды, сондай-ақ оларды тұрақты сақтау үшін басқа мемлекеттерге әкетуге болмайды. 7. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттары, меншік иесінің уәкілетті органмен алдын ала жазбаша келісімімен кейін ғана және аталған құжаттардың дубликаттарын немесе көшірмелерін мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсырған жағдайда сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектісі бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тыс жерлерге әкетуге болады. 8. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құжаттарын меншіктену құқығын мемлекетке беру тараптардың келісімі бойынша жасалады. Жеке адамдар құжаттарын пайдалануға шектеу мерзімін архивке берілген кезден бастап 70 жылдан аспайтын уақытқа белгілей алады.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен ; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда архив құжаттарына меншік құқығы 1. Мемлекеттік ұйымдар жекешелендірілгенде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жекешелендірілгенге дейін жасалған Ұлттық архив қорының құжаттары мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады. 2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың шетел компаниясының немесе жеке адамның басқаруына берілген архивтері мемлекеттік меншік мәртебесін сақтап қалады және мемлекетке қайтарылуға тиіс. 3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары мен адам құрамы жөніндегі құжаттар өңделген күйде құқық мұрагерлерiне берiледi. 4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық архив қоры құжаттарының және жеке құрам жөнiндегi құжаттардың одан әрi сақталатын орны туралы шешiмдi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тарату комиссиясы немесе банкроттықты басқарушы қабылдайды.
3-тарау. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 9-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу 2. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар құжаттардың құрамы туралы деректер есебiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi және осы деректердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
10-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиыны (каталогы) 1. Уәкілетті орган Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиынын (каталогын) жүргізіп отырады. 2. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сауалдарын қанағаттандыру үшін Ұлттық архив қоры Құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы деректер жиынының (Каталогының) ақпаратына қол жеткізілуін және пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті, бұған осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайлар қосылмайды.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау 1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға ерекше құқық берілетін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдарына беріледі. 2. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары желісін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдар бекітеді. 3. Ұлттық архив қорының құжаттарын жинақтау, сақтау мен пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалар ведомстволық және жеке архивтер құрады. 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау және пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері уәкілетті органмен және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасасқан шарттарда көрсетіледі. 5. Мемлекет меншігі болып табылатын Ұлттық архив қоры құжаттарының ресми түпнұсқаларымен жеке архивтерді толықтыруға тыйым салынады. 6. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету 1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері олардың сақталуын қамтамасыз етуге және құжаттардың сақтандыру көшірмелерін жасауға міндетті. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ұлттық архив қорының құжаттары (мемлекеттік меншіктегі), сондай-ақ мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарының үйлері, үй-жайлары мен жабдықтары иеліктен шығаруға жатпайды. 3. Архив қорлары, архив коллекциялары, олардың бөлiктерi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының объектiлерiне жатқызылуы және тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiне енгiзiлуi мүмкiн.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру 1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық архивтерде сақтау мерзімі өткен соң мемлекеттік архивтерге тұрақты сақтауға берілуге тиіс. 1-1. Ұлттық архив қорының құжаттарын өңдеу мен беру құжаттарды архивтерге беретiн заңды тұлғалардың күшi мен қаражаты есебiнен, уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi. 3. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беруді ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізеді.
4-тарау. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану
14-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану тәртібі 1. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архив ісі3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдары 2-тарау. Ұлттық архив қоры4-бап. Ұлттық архив қорының құрамы5-бап. Ұлттық архив қорын қалыптастыру негіздері, толықтыру көздері6-бап. Құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу тәртібі7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын меншіктену құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау8-бап. Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда архив құжаттарына меншік құқығы 3-тарау. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру9-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу10-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиыны (каталогы)11-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау12-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету13-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға беру 4-тарау. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану14-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану тәртібі15-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдіктер15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару16-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер16-1-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi17-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын коммерциялық мақсатта пайдалану 5-тарау. Архив ісін мемлекеттік реттеу мен басқару18-бап. Архив ісін мемлекеттік реттеу18-1-бап. Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау19-бап. Архив ісін мемлекеттік басқару20-бап. Қазақстан Республикасындағы архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі21-бап. Архив ісін басқару мен жүргізу органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері 6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар24-бап. Халықаралық шарттар25-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың архивті пайдалану құқығы26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету 7-тарау. Қорытынды ережелер |