|
Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 658 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 54-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша): 1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын; 2) жылына екі рет, 2025 жылғы 10 шілдеден және 2026 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылғы 30 шілдеден және 2026 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары бойынша жиынтық ақпарат беріп тұрсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1134 қаулысымен бекітілген
Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|