1998 жылғы 6 шілдедегі жер қойнауын пайдалануға арналған егемендi құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей (2014.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1998 жылғы 6 шілдедегi Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендi құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнің табанын бөлу туралы келісімге 2002 жылғы 13 мамырда Мәскеу қаласында жасалған Хаттаманы iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 07.04.04 ж. № 383 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы Каспий теңiзiнің солтүстiк бөлiгiнде орналасқан «Центральная» геологиялық құрылымы» мен «Хвалынское» кен орнының көмiрсутектi ресурстарын барлау және әзiрлеу жөніндегі уәкiлеттi ұйым болып тағайындалсын. ҚР Үкіметінің 07.04.04 ж. № 383 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан «Құрманғазы» («Құлалы») геологиялық құрылымының көмірсутекті ресурстарын барлау және әзірлеу жөніндегі уәкілетті ұйым болып тағайындалсын. ҚР Үкіметінің 07.04.04 ж. № 383 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі ресей тарапын Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде орналасқан «Құрманғазы» («Құлалы»), «Центральная» геологиялық құрылымдары мен «Хвалынское» кен орнын бiрлесiп игеру жөніндегі уәкілетті ұйымдардың тағайындалғандығы туралы хабардар етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын. 4. «Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторындағы көмiрсутегi кен орындарын геологиялық зерделеу және игеру үшiн блоктардың берiлуi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 3 шілдедегi № 1050a қаулыcына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 2 және 3-тармақтар алынып тасталсын; 5-тармақтағы «1, 2-тармақтарына» деген сөздер «1-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|