Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына 4-қосымша
Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары
1. Осы Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 шiлдедегi «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңының (бұдан әрi - Заң) 4-бабының 2) тармақшасының екінші абзацына сәйкес әзiрлендi және интегралдық микросхема топологиясын тiркеу бойынша өтiнiмдерге сараптама жасау тәртiбiн белгілейді. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) интегралдық микросхема - элементтерi мен байланыстары оның негiзiнде бұйым жасалған материалдың көлемiнде және немесе бетiнде ажыратылмастан құрылған электрондық схеманың қызметiн атқаруға арналған аяқталған немесе аралық нысандағы микроэлектрондық бұйым; 2) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi - топология) - интегралдық микросхема элементтерiнiң жиынтығы мен олардың арасындағы байланыстардың материалдық жеткiзгiште бекiтiлген кеңiстiк - геометриялық орналасуы; 3) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға; 4) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік саласында уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары; 5) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы. 6) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|