Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы
«Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов): 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін Қағидаларға 2-қосымшасыз баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бірлескен бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықты Қағидаларға 2-қосымшасызҚазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|