Осы редакция 2018 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына 2-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн қараңыз
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi. 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштер қабылдау мен қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету мерзiмi: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде: лицензия беру кезiнде - 15 (он бес) жұмыс күнi; лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде - 3 (үш) жұмыс күнi; лицензияның телнұсқасын беру кезiнде - 2 (екi) жұмыс күнi; Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсету үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыт - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|