Қазақстан Республикасының (2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен бүкiл мәтiн бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» және «Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» деген сөздер тиiсiнше «қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы», «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «қызметкердi жазатайым оқиғалардан» және «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
Осы Заң қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аннуитеттiк сақтандыру шарты (бұдан әрi - аннуитет шарты) - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты; 2) еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы; 3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiк - қызметкердiң белгiлi бір біліктiлiктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi; 4) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесi - қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын төмендеу деңгейi; 5) кәсiптiк тәуекел сыныбы - өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi; 6) қызметкердi жазатайым оқиғалардан сақтандыру - еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүдделерiн қорғау жөніндегі қарым-қатынас кешенi; 7) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға; 8) сақтандыру жағдайы - осы Заңның 16-1-бабында көзделген мән-жайлар кезiнде қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесiнде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндiрiстiк жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кездегi жазатайым оқиға (жазатайым оқиға); 9) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы; 10) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда алушыға қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 11) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 12) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi 12) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында «өмiрдi сақтандыру» саласында аннуитеттiк сақтандыру сыныбы бойынша және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға; 13) тармақша ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi 13) сақтанушы - қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 1. Осы Заң мемлекеттік мекемелердiң қызметкерi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейдi. 2. Жұмыс берушiнiң қызметкердi жазатайым оқиғалардан ерiктi түрде сақтандыру шартын жасауы оны қызметкердi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндетiнен босатпайды.
3-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2. Сақтанушының осы Заңның талаптарын орындауын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру объектiсi мен субъектiлерi 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi - қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру) объектiсi оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесiнде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүддесi болып табылады. 2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.
6-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi 1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады. 2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету; жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгiн арттыруға экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi. 2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.
7-бап. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтанушының: 1) қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандырушыны таңдауға; 2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға; 3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға; 4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға; 6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту жөніндегі шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дау айтуға құқығы бар. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) сақтандырушымен: 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1) сақтанушы қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға; 2) сақтандыру сыйлықақысын қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен мен мерзiмде төлеуге және өзіндегі сақтандыру жөніндегі барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-1) қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге; 3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда, бұл туралы дереу, бірақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға; 5) уәкiлеттi орган мен сақтандырушы өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексерудi қамтамасыз етуге; 6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтiрген залалын дәлелдеуге; 7) сақтандыру төлемiн есептеу үшiн қажеттi құжаттарды шартта белгiленген мерзiмде сақтандырушыға ұсынуға; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеруден уақтылы өткiзудi қамтамасыз етуге; 9) қызметкерлердiң сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы құжаттарды уәкiлеттi органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға; 10) қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстен қол үздiрмей оқытуға; 11) уәкiлеттi органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен тексеру мәселелерi жөніндегі шешiмiн орындауға; 12) өзiнiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы хабарлауға; 13) сақтандыру жағдайынан келетiн залалдарды азайтуға бағытталған шаралар қолдануға; 14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз етуге; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 15) осы Заңда көзделген жағдайларда, қызметкердiң немесе қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкердi жазатайым оқиғадан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi. 3. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтандырушының: 1) сақтандыру жағдайларын тексеруге қатысуға; 2) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға; 3) сақтандыру жағдайлары жөніндегі ақпаратты тексеруге және қажет болған кезде тиiстi уәкiлеттi органдарға сұратулар жiберуге; 4) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн сақтанушының объектiлерiне тексеру жүргiзуге; 5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемiн төлеуден бас тартуға; 6) сақтандыру жағдайларының алдын алу жөнiнде ұсынымдар беруге; 7) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға; 8) зиян келтiрген тұлғаға керi талап қоюға құқығы бар. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2. Сақтандырушы: 1) 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) сақтанушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға және оның қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңға және қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеудi жүргiзуге; 4) өз қызметiнiң нәтижесiнде сақтанушы және пайда алушы туралы алынған мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге; 5) сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, өтiнiштi және осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, жетi жұмыс күнi iшiнде пайда алушыға бас тартудың дәлелдi негiзделген себептерiн жазбаша нысанда жiберуге; 6) сақтанушының сақтандыру жағдайы кезiнде залалды азайту үшiн шығарған шығыстарын өтеуге; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 8) 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) 9) осы Заңның 19-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру төлемдерiн уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға аннуитет төлемi бойынша әрбір мерзiмi өткен күн үшiн төленбеген соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi. Аннуитет сыныбы бойынша «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушы қызметкердiң немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкердi жазатайым оқиғадан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi. 3. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
10-бап. Пайда алушының құқықтары Пайда алушының: 1) осы Заңда және қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тәртiппен және талаптармен сақтандыру төлемдерiн алуға; 2) сақтанушы мен сақтандырушыдан қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты тегiн алуға; 3) сақтандыру жағдайын тексеру мәселелерi жөніндегі шешiмге уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға; 4) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша жүгiнуге; 5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға; 6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенім бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға құқығы бар.
11-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты 1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттiк сақтандыру сыныбы және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады. Сақтанушының өтiнiшi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi. Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс. 5. Егер қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы мен пайда алушының алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады. 6. қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты: 1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн; 2) сақтанушының (егер ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерiн немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн; 3) сақтандыру объектiсiнiң сiлтемесiн; 4) сақтандыру жағдайының сiлтемесiн; 5) сақтандыру сомасының мөлшерiн, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен мерзiмдерiн; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерiн қамтуға тиiс. Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған кезде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың бір шарты шеңберінде ол (олар) жүзеге асыратын экономикалық қызметтің түріне сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы көрсетіле отырып, сақтанушы мен оның филиалы (филиалдары) бойынша жеке белгіленеді; 7) шарт тараптарының құқықтарын, мiндеттерi және жауапкершiлiгiн; 8) шартқа өзгерістер енгізу мен оның мерзiмiн ұзарту жағдайлары мен тәртібін; 9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзiмiн; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) сақтандыру шартының нөмiрi мен сериясын қамтуға тиiс. Тараптардың келісімi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
12-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. 2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда қолданылуын тоқтатпайды. 3. Жұмыс берушiнiң қызметi он екi айдан аз мерзiмде жүзеге асырылған кезде шарт осы қызметтi жүзеге асыру мерзiмiне жасалады.
13-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы 1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты: 1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды 3) сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшеріндегі сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде орын алған, кейіннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерден босатпайды. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгіленген жағдайда, сақтандыру төлемiн қолданылуы кезеңінде жазатайым оқиға орын алған қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады. Бұл ретте, мыналар: жұмыста мертігу салдарынан қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде - жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілген жазатайым оқиға күні; кәсіптік ауруының анықталуы салдарынан қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде - кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық, сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытынды берген күні жазатайым оқиға күні болып табылады.
14-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
15-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың негiздерi және салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру сомасы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол жұмыс берушінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс. |