«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы (2024.14.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы оған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде: реттік нөмірі 205-14-жол алып тасталсын. 2. ҚР Үкіметінің 2022.02.06. № 355 Қаулысымен күші жойылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2023.27.12. № 1195 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|