Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамызындағы № 208 қаулысымен бекітілген
«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11959 болып тіркелген) бекітілген «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Тараз қаласының, аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі -қызметті беруші) көрсетеді. 2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсету нәтижесін беру: 1) қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұданәрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|