Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 шешімі (2020.20.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 шешімімен күші жойылды
Қостанай облысы мәслихатының 2020.20.03. № 490 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қостанай облысы мәслихатының 2020.20.03. № 490 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша: дәрілік заттар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес; бейімделген емдік өнімдер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес; медициналық бұйымдар осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес берілсін. 2. Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Даутбаев 2018 жылғы 23 мамыр
Қостанай облысы мәслихатының 2020.20.03. № 490 шешімімен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 шешіміне 1-қосымша
Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар
1. «Бозентан» препараты, таблетка, өкпенің артериялық гипертензиясымен ауыратын азаматтарға. 2. «Метотрексат» препараты, егуге арналған ерітінді, жүйелі склеродермиямен ауыратын азаматтарға. 3. «Тобрамицин» препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, жылауықты фиброзбен (муковисцидоз) ауыратын азаматтарға. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|