«Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 маусымда «Заң газеті» газетінің № 87 (1903) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Техникалық құжаттаманы қарау және келісу тәртібі»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Техникалық бақылау»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Кеме иесі Кеме қатынасы тіркеліміне өтінім берген жағдайда сондай-ақ осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілмеген кемелерге қатысты сыныптамалық қызметті жүзеге асырады.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Кеме қатынасы тіркелімімен жүзеге асырылатын техникалық бақылау объектілерінің номенклатурасы осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес белгіленеді және әрбір жағдайда, өндірістің нақты жағдайын ескере отырып, шарт жасау кезінде нақтылауға жатады.»; 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-тарау. Техникалық есепке қою, күәландыру және сыныпты тағайындау тәртібі»; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:: «30. Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне техникалық есепке қою үшін кемені тіркеу орны бойынша кеме иесі ұсынатың кемені қажет құжаттар: 1) кеме иесінің өтініш; 2) дайындаушы - зауыт берген, кеменің паспорты (жаңадан жасалған кемелер үшін түпнұсқа және көшірме); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|