Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы (2019.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Биржа саудасының үлгі қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015.25.11. № 727 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Сауда және интеграция министрінің 2019.03.09. № 30 бұйрығымен (бұр.ред.қара) үлгі қағида жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген
Биржа саудасының үлгі қағидалары
1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Биржа саудасының үлгі қағидалары (бұдан әрі - Үлгі қағидалар) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 2-1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және биржалық және стандартталмаған тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде тауар биржасы мүшелерінің қызмет тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|