«Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-18) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. Осы Қағидалар аэронавигациялық ақпарат өнімдерінде жарияланатын өңделген аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) негізінде жасалған, әртүрлі ақпаратты/деректерді (электрондық және/немесе қағаз жеткізгіштегі мәтіндік және/немесе картографиялық түрде) беретін жеке немесе заңды тұлғаларға қолданылмайды, оларды беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің аэронавигациялық ақпарат қызметі қамтамасыз етеді.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Қағидаларда мынадай қысқартулар қолданылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|