Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II Заңы (2021.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 2 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 401-VI Заңын қараңыз (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 3-бап. Жануарлар дүниесiнiң санаттары 4-бап. Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесi объектiлерiне меншiк 5-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қатынастар субъектiлерi 2-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттік басқару 11-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік есепке алу, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингi 11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия 3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау 12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі негiзгi талаптар 13-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау 15-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау 18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесін қорғау 19-бап. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру 22-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер 22-1-бап. Ихтиологиялық байқаулар 4-тарау. Жануарлар дүниесiн пайдалану 23-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану 24-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi 25-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдерi 26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру 27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi 28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы 29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар 30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi 32-бап. Аң аулау ұғымы және түрлерi 7-тарау. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу 37-бап. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргiзу құқығын беру және тоқтату 39-бап. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері 39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар 42-1-бап. Жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану 43-бап. Мамандандырылған ұйымдар 43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсiмiн молайту 8-тарау. Жануарлар түрлерінің санын реттеу 44-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң мақсаттары 45-бап. Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi 55-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау 56-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау 57-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау 59-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы дауларды шешу 61-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «су тоғандарындағы (учаскелеріндегі)», «су тоғандарында (учаскелерінде)», «су тоғандарын (учаскелерін)», «су тоғандарының (учаскелерінің)», «су тоғандары (учаскелері)», «су тоғандарына (учаскелеріне)» деген сөздер тиісінше «су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі», «су айдындарында және (немесе) учаскелерінде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің», «су айдындары және (немесе) учаскелері», «су айдындарына және (немесе) учаскелеріне» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік бақылауды» және «мемлекеттік бақылау» деген сөздерден кейін тиісінше «және қадағалауды» және «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) акваөсіру - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру; 2) аншлаг - аңшылық шаруашылықтардың, өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу; 3) аңшы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға; 4) аңшы куәлiгi - жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат; 5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры - жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi; 6) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) - оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы; 7) аңшылық иттердің ұлттық тұқымы - Қазақстан Республикасының аумағында халықтық селекциялық әдіспен алынған және әдетте әуесқойлық (спорттық) аңшылықта қолданылатын тазы, төбет тұқымы; 8) аңшылық олжа - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған жануар (балық ресурстары мен басқа да су жануарларлынан басқа), олардың бөліктері мен дериваттары; 9) аңшылық шаруашылығы - аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi; 10) аңшылық шаруашылығының санаты - аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негiзiнде берілетін, аңшылық алқаптары өнiмдiлiгiнiң, күзет және өсiмiн молайту iс-шаралары сипатының белгiлерi бойынша аңшылық шаруашылықтарының жіктемелік бөліну бiрлiгi; 11) аңшылық шаруашылығы субъектісі - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға; 12) аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті - жеке тұлғаның аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулауды жүргізу тәртібін белгілейтін, жануарларды ұстап алу нормасын, көрсетілетін қызметтердің баға прейскурантын қамтитын құжат; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) аушы жыртқыш құс - аң аулауда пайдаланылатын қыран, сұңқар, қаршыға және жыртқыш құстардың басқа да түрлері; 14) балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау; 15) балық аулаушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға; 16) балық аулау олжасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектісі, олардың бөліктері мен дериваттары; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды 16-1) балық өсіру материалы - балық өсіру объектісіне қарай, су айдындарына балық жіберуге арналған дернәсілдер, құртшабақтар, шабақтар және балықтардың жасына байланысты басқа да топтары; 17) балықтардың көбею кезеңі - белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 18) балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама - уәкілетті орган белгілеген, балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған немесе балық өсіру шаруашылықтарында өсірілген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 19) балықтарды қорғау құрылғысы - балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су тарту және ағызу құрылыстарына түсуін болғызбауға арналған құрылғы; 20) балықтардың қырылуы - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы; 21) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі - балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі; 22) балықтардың өріс аударуы - балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы; 23) балық өсіру - акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты; 24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары - сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы; 25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi (бұдан әрi - бассейндiк принцип) - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мен өрiс аудару ерекшелiктерi ескерiлген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың бiртұтас жүйесi; 26) балық шаруашылығы - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі; 27) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерін паспорттау - балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, олардың алаңын, жай-күйін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлік құрамын белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені; 28) балық шаруашылығы субъектісі - қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға; 29) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 30) балықшы - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері; 31) балықшы куәлігі - жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген, белгіленген нысандағы құжат; 32) биологиялық негiздеме - жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды; 33) дериват - жануардың туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім; 34) аң-құс өсіру - аң аулау объектісі болып табылатын жануарларды аңшылық шаруашылық субъектілерінің өсіруі; 35) жануарлар - құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары); 36) жануардың бөлігі (бұдан әрі - бөлік) - жануардың түрін танып білуге мүмкіндік беретін оның денесінің бір бөлігі; 37) жануарларды будандастыру - шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру; 38) жануарлар дүниесi - Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы; 39) жануарлар дүниесі объектілерін алу - табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 40) жануарлар дүниесі объектілерін қолдан өсіру - көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарын қоса алғанда, жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру; 41) жануарлар дүниесiн қорғау - жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 42) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 43) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 43) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау - уәкілетті органның, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің тексерілетін субъектілерді олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша шұғыл ден қоюсыз құқықты шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 44) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау - уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатында, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін; 45) жануарлар дүниесiн орнықты пайдалану - жануарлар дүниесi объектiлерiн жануарлар дүниесінің түрлiк сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсiмiн молайту мен қазiргi және келешек ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қабiлетiн сақтап қалатын тәсiлдер арқылы пайдалану; 46) жануарлар дүниесiн пайдалану - жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын және пайдалы қасиеттерiн мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай пайдалану; 47) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат - жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретiн, белгiленген нысандағы құжат; 48) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар - осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар; 49) жануарлар дүниесі үшін болмай қоймайтын зиян - жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен болдырмау мүмкін емес қалдықты зиян; 50) жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығы - жануарлар дүниесi объектiлерiнiң бiр түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердiң сан алуандығы; 51) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасы - жануарлар дүниесiнiң объектiлерi табиғи еркiндік жағдайында мекендейтiн табиғи орта; 52) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын қорғау - табиғи еркiндік жағдайында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң орнықты тiршiлiк ету және өсiмiн молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтiруге бағытталған қызмет; 53) жануарлар дүниесi объектiсi - жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы; 54) жануарларды интродукциялау - жануарлар түрлері дара нұсқаларының ареалдардан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы; 55) жануарларды реинтродукциялау - жануарлар түрлері дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейі ауыстыру; 56) жануарлар түрлерінің өсімін молайту - жануарлар түрлерінің табиғи жағдайларда табиғи көбеюі және оларды жасанды өсіру; 57) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 58) жолдама - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн ұстап алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат (біржолғы немесе маусымдық); 59) зоологиялық коллекция - жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде зоопарктердiң, зообақтардың, цирктердiң, зоологиялық питомниктердiң, аквариумдердің, океанариумдердің жабайы жануарлардың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды 59-1) ихтиологиялық байқаулар - балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу; 60) ихтиофауна - қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 60-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 60-1) кәсіпшілік күш-жігер - балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға тікелей бағытталған өндірістік операциялар көлемі, оның ішінде ол кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулау құралдары мен техникалық құралдардың, жүзу құралдарының, балықшылардың рұқсат берілетін санын қамтиды; 61) кәсіпшілік қор - дербес кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты, оның кеңістіктегі оқшауланған бөлігі; 62) кездейсоқ ауланым - рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 62-1) тармақшамен толықтырылды 62-1) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы - табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі; |