Қазақстан Республикасының (2018.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы 3-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары 4-бап. Жұмыспен қамтылған халық 5-бап. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары 2-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықты жұмыспен қамтуды реттеу саласындағы құзыреті 7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 7-1-бап. Орталық атқарушы органдардың құзыреті 8-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы 9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 10-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның құзыреті 11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы 13-бап. Жұмыс іздеп жүрген адам 15-бап. Жұмыссыздардың құқықтары мен мiндеттерi 16-бап. Жұмыссызды есептен шығару 4-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ 17-бап. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары 18-бап. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау 20-бап. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру 21-бап. Жастар практикасын ұйымдастыру 22-бап. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 23-бап. Кәсiпкерлiк бастамашылыққа жәрдемдесу 24-бап. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу 25-бап. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру 26-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру 27-бап. Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар 5-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы 29-бап. Кәсіптік одақтардың халықты жұмыспен қамту саласына қатысуы 30-бап. Еңбек делдалдығын көрсету 31-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi 7-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН ҚОЛДАНУ 32-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 33-бап. Жұмыс берушілердің шетелдiк жұмыс күшiн тартуы 8-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК 36-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау 37-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ведомстволық статистикалық байқау 38-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 39-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) әлеуметтiк жұмыс орны - халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші құратын жұмыс орны; 2) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім; 3) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым); 4) еңбек нарығы - жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала; 5) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс; 6) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамту - Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбекке, кәсiп пен қызмет түрін таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi; 7) жалақыны субсидиялау - халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу; 8) жаңа жұмыс орны - жаңа мекемені (ұйымды), кәсіпкерлік субъектісін (тоқтату арқылы құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе жұмыскерлердің санын арттыру, сондай-ақ жұмыскердің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін өндіріс технологияларын жаңғырту немесе өзгерту арқылы құрылған жұмыс орны; 9) жастар практикасы - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі - еңбек делдалдығын көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға; 11) жұмыс күшi - жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық; 12) жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар - жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар; 13) лайықты жұмыс - кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс; 14) жұмыс орны - еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны; 15) жұмысқа орналастыру - халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi; 16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары - жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары; 17) халықты жұмыспен қамту - Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) жұмыспен қамтудың жеке картасы - жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат; 19) жұмыссыздар - жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар; 20) жұмыссыздық - жұмыс күшінің бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмауынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс; 21) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау - Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi; 22) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер - өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдардың пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер; 23) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау - адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені; 24) кәсіптік оқыту - осы Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын оқыту; 25) корпоративішілік ауыстыру - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру; 26) қоғамдық жұмыстар - халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi; 27) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы - асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік қатер жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және төлемдерді жүргізетін заңды тұлға; 28) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары - мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары; 29) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен дара айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар; 1-баптың 30) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 30) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі сәйкес келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін белгіленген нысандағы құжат; 31) ұзаққа созылған жұмыссыздық - ұзақтығы он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық; 32) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган - өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi; 33) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 34) халықты жұмыспен қамту орталығы - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды 34-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі - халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне көрсетілетін қызметтерді халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт негізінде беруіне бағытталған іс-шаралар кешені; 35) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 36) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны; 37) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат - Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін жұмыс берушiге жергілікті атқарушы орган беретiн белгiленген нысандағы құжат.
2-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
3-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат толық, өнімді және еркін таңдап алынған жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және: 1) жұмыс күшін дамыту, оның ұтқырлығын арттыру; 2) ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси ұстанымына, дінге деген көзқарасына және кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, еңбек ету бостандығына және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығын іске асыруда тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету; 3) азаматтардың еңбек және кәсiпкерлiк бастамашылығын қолдау, олардың өндірістік, шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесу; 4) еңбек нарығының қажеттіліктеріне және оның даму перспективаларына сәйкес кадрлар даярлауға бiлiм беру жүйесiн бағдарлау; 5) жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асыру; 6) жаппай жұмыссыздықтың алдын алу және ұзаққа созылған жұмыссыздықты қысқарту; 7) жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау; 8) еңбек нарығына қатысушылардың күш-жігерін біріктіру және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде олардың әрекеттерінің келiсілуі; 9) халықты жұмыспен қамту орталықтары және жұмыспен қамтудың жекеше агенттiктерi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыру; 10) iшкi еңбек нарығын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу арқылы қорғау; 11) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру; 12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiру мен реттеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; 13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру; 14) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатпен келісілген, жұмыс орындарын және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруды ынталандыратын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізу жолымен іске асырылады.
4-бап. Жұмыспен қамтылған халық Жұмыспен қамтылған халыққа: 1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты ақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (еңбек функциясы) бар; 2) өзін-өзі жұмыспен қамтыған; 3) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген; 4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында және арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.
5-бап. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары Мемлекет: 1) жұмыс түрін және жұмысты таңдау еркіндігіне; 2) кемсітушіліктің кез келген нысандарынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда, жұмыспен қамтылу мен еңбек жағдайларын таңдауда мүмкіндіктер теңдігіне; 3) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға негізделген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қамтамасыз етеді.
2-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықты жұмыспен қамтуды реттеу саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 6-баптың 2) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін бекітеді; 3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде: 1) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды, еңбек ресурстарын дамыту орталығын үйлестіруді жүзеге асырады; 2) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 3) жұмыс күшіне болжамды қажеттіліктерді айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, еңбек нарығының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді; 5) экономиканың кадрларға қажеттігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі орталық атқарушы органдармен келіседі; кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді; 7) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді; 8) мүгедектің жұмыс орнының стандарттарын әзірлейді және бекітеді; ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді; 10) кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді; 11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін әзірлейді және бекітеді; 12) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды 12-2) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды 12-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 14) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары нысандарын әзірлейді және бекітеді; 16) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды 16-1) халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін әзірлейді және бекітеді; 17) 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 18) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлейді және бекітеді; 19) өңірлердің (аудандардың, қалалардың және облыстардың) жұмыспен қамту картасын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді; 7-баптың 20), 21), 22) және 23) тармақшалары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 20) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21) шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетін ше жұмысқа орналасу үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамаларды беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 22) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін әзірлейді; |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы3-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары4-бап. Жұмыспен қамтылған халық5-бап. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары 2-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықты жұмыспен қамтуды реттеу саласындағы құзыреті7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті7-1-бап. Орталық атқарушы органдардың құзыреті8-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті10-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның құзыреті11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы 3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ12-бап. Лайықты жұмыс13-бап. Жұмыс іздеп жүрген адам14-бап. Жұмыссыздарды тiркеу15-бап. Жұмыссыздардың құқықтары мен мiндеттерi16-бап. Жұмыссызды есептен шығару 4-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ17-бап. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары18-бап. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау19-бап. Кәсіптік оқыту20-бап. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру21-бап. Жастар практикасын ұйымдастыру22-бап. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру23-бап. Кәсiпкерлiк бастамашылыққа жәрдемдесу24-бап. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу25-бап. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру26-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру27-бап. Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар 5-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы29-бап. Кәсіптік одақтардың халықты жұмыспен қамту саласына қатысуы 6-тарау. ЕҢБЕК ДЕЛДАЛДЫҒЫ7-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН ҚОЛДАНУ32-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота33-бап. Жұмыс берушілердің шетелдiк жұмыс күшiн тартуы34-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы35-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы 8-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК36-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылау37-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ведомстволық статистикалық байқау 9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |