«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 5-тармағына, 94-1, 104-1-баптарына және 133-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:». көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында: мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: «19-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының қалдықтары есебінен бюджетті түзету арқылы өткен қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) қаражаттың бір бөлігін; республикалық бюджетке тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін қайтаруды жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|