Осы редакция 2017 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.08.01. № 7 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығына 2-қосымша
«Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» (2016.08.01. берілген өзгерістермен)
1. «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптау ұйымы), оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 613 бұйрығымен бекітілген «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12825 болып тіркелген). 2. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Қағаз жеткізгіште берілген, тіркеу күні және оның ағымдағы нөмірімен бірге мөртабан қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық, қағаз түрінде. Порталға жүгінген кезде - лицензиялық, сублицензиялық шартты мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе шартты тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде құрылымдық
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|