«Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22306 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы «Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүріп-тұруы үшін босқын мәртебесі берілген адамдарға «Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.». 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін (балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) көрсетілетін қызметті алушыға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) осы Қағидаларға қосымшада көзделген «Жол жүру құжатын беру» мемлекеттік қызметін көрcетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес жеке жүгінген кезде құжаттар топтамасын береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|