«Қаржы полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесін тарату туралы
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Қаржы полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) уәкілетті органы болып белгіленсін. 2. Мекеме таратылсын. 3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша): 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылатын мекеме мүлкін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» мемлекеттік мекемесіне беруді қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, мекеменің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларының оқуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында аяқтауын қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 4-тармақ 2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, мекеменің жоғары білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларының оқуды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарында аяқтауын қамтамасыз етсін. 5-тармақ 2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 5. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|