Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (2023.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе-кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасы бекітілсін. 2. 2011 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының 8-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады: «8. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тік эшелондау төмендегідей жартылай шеңбер жүйесі бойынша жүзеге асырылады: 1) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 0-ден 179о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 900, 1500, 2100, 2700, 3300, 3900, 4500, 5100, 5700, 6300, 6900, 7500, 8100, 9100, 10100, 11100, 12100, 14100 (метр); 2) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 180-нен 359о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 1200, 1800, 2400, 3000, 3600, 4200, 4800, 5400, 6000, 6600, 7200, 7800, 8600, 9600, 10600, 11600, 13100, 15100 (метр). 3. ҚР Үкіметінің 2015.11.09. № 774 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 9, 67-құжат); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|