2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін. 2. «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін. 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабарды осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 5. «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 43/367 қаулысына 1-қосымша
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауындағы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|