«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 171 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12097 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметрегламентінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: 1) кеңсе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркейді және жауапты орындаушыны (бұдан әрі - орындаушы) айқындау үшін өтінішті басшылыққа жолдайды - 30 (отыз) минут; 2) басшылық өтінішпен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды - 60 (алпыс) минут; 3) орындаушы ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ведомствосына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беруге сұраным жібереді - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартуды дайындайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|