|
|
|
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия
ҚР 2016 жылғы 24 ақпандағы № 460-V Заңымен ратификацияланды 2016 жылғы 4 сәуірде күшіне енді
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі (бұдан әрі «Мемлекеттер» деп аталады), қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету арқылы тергеуде, қылмыстық қудалауда және қылмыстардың жолын кесуде Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға НИЕТ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП, адам құқықтары мен заң үстемдігін ЛАЙЫҚТЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, сот талқылауын бейтарап соттың қарауы құқығын қоса алғанда, айыпталушы адамның заң негізінде белгіленген әділетті сот талқылауына құқығын көздейтін өзінің құқықтық жүйелеріне сәйкес кепілдіктерді ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, төмендегілер туралы уағдаласты:
Көмек көлемі
1. Мемлекеттер осы Шарттың ережелеріне сәйкес, сондай-ақ өзінің ішкі заңнамасын ескере отырып, қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық істермен байланысты сот және соттан тыс рәсімдер бойынша тергеуде және қылмыстық қудалауда бір-біріне өзара құқықтық көмек көрсету бойынша барлық мүмкін болатын көмегін көрсетуге мідеттенеді. а) адамдардан айғақтарды немесе арыздарды алуды; b) банк жазбаларын қоса алғанда, айғақтық маңызы бар құжаттарды, материалдарды және заттарды беруді; с) құжаттарды тапсыруды; d) тінтуді және алып қоюды; е) қылмыстық жолмен алынған кірістер мен құралдарды шектеуді және тәркілеуді, оның ішінде қылмыстық істермен байланысты деп болжамданған мүлікпен мәміле жасауға шектеу қоюды немесе активтерді оқшаулауды; f) адамдардың тұрған жерін табуды және сәйкестендіруді; g) адамдардың өздері келуіне көмек көрсетуді; h) қамауда отырған адамдарды куәгерлер ретінде келу үшін уақытша беруді жүзеге асыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |