Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерін бекіту туралы (2011.18.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Әскери полиция органдары туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттары туралы ережелері бекітілсін. 2. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін. 3. Бұйрық ресми түрде жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығымен бекітілген
Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібінің ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарына (бұдан әрі - әскери полиция органдары) қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібін белгілейді. 2. Әскери полиция органдарына алғашқы рет әскери қызметке қабылданатын адамдармен (бұдан әрі - кандидаттар) әскери полицияның құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары әңгіме өткізеді. Оларға әскери полиция органдарына әскери қызметке қабылданатын адамдарға қандай талаптар қойылатыны, қандай құжаттар өткізілуі керектігі, қандай шектеуліктер қойылатындығы, сынақ мерзімі және тағылымдамадан өту тәртібі үш айға созылатындығы, оның екі айы әскери полиция мамандарын даярлау орталығында (бұдан әрі - орталық) үйретуге және бір ай қызмет өткізетін жерінде болатындығы түсіндіріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|