Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы
Осы редакция 2020 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысымен бекітілген
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмек - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмек көлемі. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен МӘМС жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады. Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері МӘМС жүйесіндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады. Шетелдіктердің бірге тұратын жұбайы (зайыбы) және балалары олардың отбасы мүшелері болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|