Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 235 Қаулысымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ерекше реттеу режиміне қатысу үшін іріктеудің мына өлшемшарттары бекітілсін: 1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының резиденті қаржы ұйымы және (немесе) кемінде 2 (екі) жыл қаржы саласында қызметті, қаржы ресурстарының шоғырлануымен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметімен байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті өзге де заңды тұлға болып табылады; 2) өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу үшін өтініш беру күніндегі міндеттемелері оның активтерінен аспайды; 3) өтініш берушіде аяқталған 2 (екі) қаржы жылының нәтижелері бойынша зияндары жоқ; 4) жеке тұлға құрылтайшыда не өтініш беруші заңды тұлға құрылтайшының атқарушы орғанының немесе басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ және (немесе) оларға қатысты экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық қудалау жүзеге асырылмады; 1-тармақтың 5) тармақшасының қолданылуы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылды 5) өтініш берушіде ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу үшін өтініш беру күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қоюдың қолданыстағы шаралары мен санкциялары жоқ; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|