Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына 4-қосымша
Осы редакция 2020 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары оқу орындарының оқу үдерісін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы бөлім.
1. Осы 2020-2021 оқу жылында жоғары оқу орындарының оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Ұсынымдар) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) басшыларына, ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, білім беру бағдарламаларының басшыларына, профессорлық-оқытушылық құрамға (бұдан әрі - ПОҚ) 2020-2021 оқу жылында ЖЖОКБҰ білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және академиялық саясатты іске асыру мақсатымен көмекші құрал ретінде әзірленген. 2. COVID-19 белсенділік жағдайында жаңа оқу жылында ЖЖОКБҰ ұйымдастырушы іс-шаралардың келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі: 1) ЖЖОКБҰ-ның оқу корпустары мен жатақханаларында санитариялық-эпидемиологиялық режимді (бұдан әрі - СЭР) қамтамасыз ету; 2) барлық қызметкерлер мен білім алушыларды СЭР-мен қамтамасыз ету регламентімен таныстыру; 3) білім беру қызметін карантин жағдайын ескере отырып ұйымдастыру; 4) АКТ қолданумен жұмыс дағдыларын үйрену үшін ПОҚ біліктілігін арттыру; 5) жеке білім беру контентін (онлайн курстарды) әр түрлі білім беру платформаларында барлық деңгейлер бойынша әзірлеу; 6) Сапаны қамтамасыз ету саясаты мән-мәтініндегі оқу сапасының мониторингі; 7) академиялық адалдық қағидаларын сақтау; 8) аралық және қорытынды аттестаттау өткізу процедураларының прокторинг жүйесін қамтамасыз ету; 9) университет қызметін техникалық жарақтау, қашықтан және аралас оқыту форматтарының талаптарына сәйкес құжат айналымы мен қатысымды, оқу үдерісін ұйымдастыру (электронды құжат айналымы, электронды кесте, электронды кітапхана және т.б.) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|