Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 35-тармағын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Фильм индексін анықтаудың критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 7 бұйрығымен бекітілген
Фильм индексін белгілеу критерийлері
1. Осы Фильм индексін белгілеу критерийлері (бұдан әрі - Критерии) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі -Заң) 7-бабы 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдерді көрермендердің жас шегіне қарай топтастыру мақсатында фильмдердің мазмұнына талаптар белгілейді. 2. Фильмдерді топтастыру балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына, сезімі мен рухани дамуына зиян келтіретін дыбысты-бейнелі шығармалардан оларды қорғау үшін, сонымен қатар ересек аудиторияға фильмді көруде таңдау еркіндігін ұсыну үшін арналған. 3. Көрермендердің жас шегіне қарай фильмдердің келесі индекстері белгіленеді: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|