2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № С-24/2 шешімі
(2023.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2023.26.07. № С-3/2 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 4 760 831,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 432 997 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 67 459 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 100 мың теңге;
трансферттер түсімі - 3 251 275,9 мың теңге;
2) шығындар - 5 125 414,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 364 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 15 525 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 9 161 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 370 946,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 370 946,4 мың теңге.
2. Келесі көздердің есебінен аудандық бюджеттің кірістері бекітілсін:
1) салықтық түсімдерден, оның ішінде:
жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
мүлікке салынатын салықтар;
жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
бірыңғай жер салығы;
акциздер;
табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер;
кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар;
мемлекеттік баж.
2) салықтық емес түсімдерден, оның ішінде:
мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер;
мемлекеттік меншігінде мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;